Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет149/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жайда  болдым.  Ең  алғаш  осы  разъезді  көріп  қайтқанда  ауылға  тура 

Москваның  өзінен  келе  жатқандай  күйде  енген  едім.  Сол  разъезді  одан  он 

бес жыл кейін қайта көргенде сол сурет көз алдыма елестеп, мұрнымды жас 

шөптің хош иісі қытықтағандай болды. 

Разъезд  басында  танитын  ешкімім  жоқ  болғандықтан  мен  бірден  шапшаң 

адымдап,  ауылға  қарай  бет  қойдым.  Теміржол  топырағынан  түсіп,  табаным 

жерге  тиісімен-ақ,  өн  бойым  бірден  жеңілденіп,  сахнаға  шыққан  бишідей 

лыпып келемін. Аяғымды ілгері басқан сайын, екі қолтығыма қанат біткендей 

зымырап,  самғай  түсемін.  Разъезден  біраз  шыққаннан  кейін  осы  түс  еді-ау 

дедім де, жерге жата қалып, аунай бастадым. Содан кейін, бала күнімде бір 

жаққа  ала  кет  деп  әкемнің  аяғын  құшақтап  жылап  жатып  алатынымдай, 

етбетімнен  түсіп,  жазда  шөбі  шабылып  алынған  орма  жерді  құшақтап,  екі 

бетімді үйкелеп, ернімді тигіздім. Мен қара жерді анамның жұмсақ маңдайы 

деп  сүйдім,  әкемнің  жалпақ  арқасы  деп  құшақтадым.  Бір  кезде  өз-өзімнен 

күбірлеп, күгірлеп үн қаттым. «Айналайын анам, сен туған жер топырағының 

астында  жатырсың.  Украинаның  қара  мақпал  көрпедей  қара  бұйра 

топырағын  жамылып  сен  қалдың,  ардақты  әкем.  Екеуіңнен  бөлінген 

молекуладай болып, жер үстінде мен жүрмін міне. Сұрапыл соғыстан, сонау 

Польшадан  туған  жерге  аман  келіп,  сенің  бала  күнімде  басқан  ізіңді  иіскеп 

жатырмын, әке. Ертең сенің қабырына бір уыс топырақ қосамын, ана». 

Жеті жасар бала күнімде әкем шалғымен шөп шапқан жерде жатып, ойға да, 

мұңға  да  баттым.  Содан  соң  орнымнан  тұрып,  ауылға  қарай  қайтадан  бет 

қойдым. 


Ауылға  мен  ай  туа  жеттім.  Туған  ауылымның  кішкентай  терезелерінен 

жылтыраған  әлсіз  оттары  моңғол  тұқымдас  шығыс  халықтарының  қысық 

көзіндей сығырая күлімдеп қарсы алды мені...» 



155 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет