Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет147/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Жоқ, оны емес басқа бір әңгіме айтайын, – дедім мен күлкімді тоқтатып. 

– Жоқ, соны айт, – деді Зайкүл тақымдап. 

–  Соны,  –  деді  Қанипа  сықылықтап.  –  Зайкүл,  ер  болсаң  дәл  осы  әңгімені 

айтқызбай қойма. 

–  Ендеше,  –  деді  Жомартбек  менен  оқшаулана  шетке  қарай  ығысып,  – 

Зайкүл, сен 

Ерболды  мықтап  ұстап  отыр.  Мен  оның  күнделігіне  жазған  осы  әңгімесін 

бәріңе дауыстап оқып берейін. 

Жомартбек менің қасымда жатқан қалың дәптерімді қолтығына қыса кеткен 

екен. Шетке шығып, соның беттерін ақтара бастады. Зайкүл шап беріп менің 

мойнымнан құшақтап алды. 

– Ал, оқи бер, Жомартбек. Мен мұны тырп еткізбеймін,  - деді Зайкүл маған 

кенедей  жабысып.  -  Қанипа,  жақын  отыр,  мынау  тыпырлап  тұрып  кетіп 

жүрмесін. 

Жұрт тағы бір ду күліп басыла бергенде Жомартбек менің күнделік дәптеріме 

жазған естелік әңгімемді судыратып оқи жөнелді: 

«Менің ауылым – «Ақбота» колхозы темір жолдан тоғыз шақырымдай жерде 

болатын. 

Ауылдың  өкпе  тұсында  «Оныншы»  деп  аталатын  разъезд  барды.  Ауыл 

поселкеге  айналып,  поселке  қала  болып  үлкейіп  жатады.  Бұл  дүниеде 

өспейтін разъездер екен ғой. 

«Оныншы»  біздің  бала  күнімізде  разъезд  еді.  Жігіт  болып,  соғыстан 

келгенімде  де  сол  разъезд  қалпында  алдымнан  шықты.  Бірақ  маған  ол 

шетелдің  сәнді  қалаларынан  әлдеқайда  қымбат,  әлдеқайда  артық  еді.  Күн 



153 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет