Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет150/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Мынау әңгімең көңілсіз боп кетті, - деді Зайкүл шыдамсызданып. – Жаңағы 

қызбен бірге жатты деген жерінен бастасаңшы, Жомартбек. 

– Оқи бер, Жомартбек, – деп басқа қыздар шу ете қалды. – Осылай оқи бер. 

Жомартбек дәптер сөздерін әрі қарай жалғастырды. 

«Жағалап, сыртқы көшедегі өз үйімнің желкесіне келдім. Басқа үйдің бәрінде 

сығырайған  жарық  бар.  Тек  біздің  үйдің  терезесі  ғана  тас  қараңғы.  Кеше 

соғысқа өзім кеткенде оты маздап, терезесі жарқырап тұрған  үй еді. Менен 

бір ай кейін соғысқа әкем кетті. Әкем майданда қаза тапты. Әкемнің артынан 

ауылда  шешем  өлді.  Жалғыз  қарындасым  ерте  шығып,  басқа  елге  кетті. 

Ендеше бұл үйде қайдан жарық болсын. Бұл иесіз үйдің күтіп отырған жалғыз 

жарығы  менмін  ғой.  Соғыстан  аман  оралып,  әке  ошағының  отын  маздатып, 

әке  терезесінен  жарық  жарқырата  аламын  ба,  кім  білсін...  Осы  оймен  туған 

үйдің жанына жеттім. 

Адам  ғана  емес,  иесіз  үй  де  жетімсірейді  екен.  Бұрын  үймен  жалғас  салған 

шөп  үйетін  биік  қорғанымыз  болушы  еді.  Оның  бір  қабырғасы  құлап, 

опырылып  қалыпты,  әке-  шешеміз  өліп,  екі  иесінен  бірдей  айырылғаннан 

кейін үй екеш үйдің өзі де шөгіп, аласарып кетіпті. 

Шөп қорғанды айналып өтіп, қора алдына келдім. Бұрын мұндай кезде қора 

алдында  бірі  ыңырсып,  бірі  күйіс  қайтарып  қазыққа  байлаулы  сиырлар 

жатушы  еді.  Әр  сиырдың  алдында  бұйығып,  қысқа  шынжырға  байланған 

Қарашеке  жайғасатын.  Енді  соның  бірде-  бірі  көрінбейді.  Үй  маңында  тірі 

жан жоқ. 

Біздің үйдің есігі қораның қақпасынан бөлек болушы еді Аяңдап солай қарай 

келдім. 



156 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет