Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет158/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Шешем одан: «Тазы итім қайда?» деп сұраса, ол: «мен ешкімнің итін бағып 

жүргемін жоқ» дейді. 

– Бүркітбай сол үш түлкінің ең қызылын басына тымақ қып киді, - деп тәтем 

сөзін  аяқтады.  –  Оның  басындағы  қызыл  пүлішпен  тысталған  түлкі  тымақты 

көрсем күні бүгінге дейін ойыма Лашын түсіп, көңілім бұзылады. 

Ит жайындағы шай үстіндегі әңгіме өзінен-өзі Бүркітбайға қарай ойысты. 

– Бүркітбай Сәлиманы алды ма? - дедім мен оның алғанын біле тұрсам да. 

–  Алды  ғой,  қарағым,  -  деді  тәтем  қолындағы  кесесінен  қара  шай  емес, 

қызыл қан жұтқандай қиналып. 

Шай  ішкеннен  кейін  тәтемді  ертіп,  зират  басына  бардым.  Шешеме  топырақ 

салдым. Содан соң военкоматқа барып тіркелу үшін аудан орталығы Ақжалға 

кеттім.  Тәтем  «Кәһ,  кәһ»  деп  қайта-қайта  шақырса  да,  Қарашеке  менен 

қалмады. Он шақырым жердегі ауданға менімен бірге жол тартты. 

Менің  бірінші  шаруам  -  военкоматқа  аз  күнге  келгенімді  айтып,  тіркелу  тез 

бітті.  Одан  соң  аудан  орталығындағы  орта  мектепке  бардым.  Онда  маған 

үнемі  хат  жазып  тұратын  екі  қыз  барды.  Олар  осы  мектептің  бұрынғы 

оқушылары,  кейінгі  жас  мұғалімдері  Тана  Серкебаева  мен  Хадиша 

Қалиақпарова еді. Ол екеуі менің мұнда келетінімді білмейді. 

Ауылдағылар  да  менің  елге  келе  жатқанымды  естіген  жоқ.  Өйткені 

майданнан біз бір-ақ күнде жиналып жүріп кеттік. Жолда ешкімге хат жазуға 

мұрша болмады. 

Мектепте  Тана  да,  Хадиша  да  жоқ  екен.  Олардың  сабақтары  түстен  кейін 

болса керек. 

Үйлерін  білмеймін  және  ешкімдерін  танымаймын.  Сондықтан  әдірістерін 

алып,  сұрап  баруды  қолайсыз  көрдім  де,  екеуіне  ауылға  аз  уақытқа 




164 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет