Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет159/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

келгенімді,  енді  үш  күннен  кейін  қайтатынымды  айтып,  бір  жапырақ  хат 

тастап  кеттім.  Сонымен  түс  ауа  Қарашеке  екеуміз  аяңдап  отырып,  қайтадан 

ауылға келдік. 

Біз түскі шайды ішіп бола берген кезде сырттан Бақытжан жүгіріп кірді. 

–  Аудан  жақтан  велосипедпен  біреу  келіп  еді.  Алдыңғы  ауылдан  Ербол 

нағашымның  атын  атап  жөн  сұрап,  велосипедін  жетектеп  осы  үйге  қарай 

келе жатыр. Өзі қыз сияқты, – деді. 

Мен майданға, маған арнап өз ауданымнан хат жазып тұратын екі қызды да 

бұрын  көрмеген  болатынмын.  Алайда  бұл  келген  сол  екеуінің  –  Тана  мен 

Хадишаның бірі екені айқын еді. Бірақ қайсысы? Оны таба алмадым. 

– Тәте, бұл біздің үйге келген қонақ болды, – дедім апайыма. 

– Е, қонақ болса келсін, қуатым, – деді тәтем сабырмен. Мен қонақты қарсы 

алу  үшін  есік  алдына  шықтым.  Расында  да  етжеңділеу  келген  биік  қабақ 

ақсары  қыз  велосипедің  үйдің  қабырғасына  сүйеп  жатыр  екен.  Үйден  бірге 

шыққан  Бақытжан  екеумізді  көріп,  маған  қарай  қысылмай,  еркін  қадам 

басты.  «Жасында  еркекшора  болып,  еркін  өскен.  Ешкімнен  қысылмайды. 

Менің қыздардың осындай ашығын жақсы көретінімді білесің ғой. Сенің оны 

ұнатпауың мүмкін. Бірақ бұл тура өз көңілімдегі қыз» деген Заман сөзі есіме 

түсті. 


«Бұл Тана болды» деп ойладым ішімнен. 

– Ербол, аман-есенбісің, досым? Көктен түстің бе, жаным-ау, қайдан келдің? 

– деп қонақ қыз әйел атаулының әдетінше бүрістіре ұстап алақанын ұсынды. 

– Мен Танамын ғой. 

–  Жақсымысың,  Тана.  Сендерді  де  көретін  күн  болады  екен  ғой.  Өз  көзіме 

өзім сенбей тұрмын,–дедім мен Тананың қолын қысып. 




165 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет