Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет145/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Айтсын,  –  деді  Зайкүл  жаны  кіріп.  –  Ондай  әңгіме  қызық  болады.  –  Ол 

Меңтайға  қарай  бұрылды.  –  Сен,  Меңтай,  Ерболды  иектеп  алып,  аузынан 

қаға  беретінің  не  осы?  Әлде  өзіңе  өлең  шығарғаннан  кейін  өзімдікі  деп 

жүрмісің? 

Зайкүлдің Меңтайға айтқан сөзінің ішінде «Ерболды иектеп алып» дегенінің 

жаны бар деуге де болар еді. Менің Меңтай қасында, әлдебір мінімді тауып 

сөгіп немесе орнымнан түсіріп кете ме деп жоғарыдан келген үлкен бастық 

алдында  іштей  діріл  қағатын  кіші  бағыныштыдай,  ол  маған  атымды  атап, 

жөнімді  жөндеп  ештеңе  айтпаса  да,  қылық-  қимылымнан  бірдеңе  ұнамай 

қала ма деп, өз-өзімнен қысылып, қымсынғандай күйде отыратыным барды. 

Қу қыз соны аңғарып айтты. 

Зайкүл  өз  сөзіне  өзі  риза  болып,  сықылықтап  күліп  алды.  Меңтай  қызарып 

кетті. 


– Сен де жоқты айтасың-ау, Зайкүл, – деді ол сабырлы қалпын бұзбастан сәл 

ғана күлімсірей түсіп. – Ағайды иектеп маған соншама не болыпты?! – «Жоқ, 

олай емес, иектесем иектеймін, онда сенің не шаруаң бар? – десең етті» деп 

ойладым мен ішімнен. – 

Әшейін, бұрын естімеген әңгіме болған соң... 

– Естімесең естисің, білмесең білесің, – деді Зайкүл қайтадан сықылықтап. – 

Есту үшін тыңдау, білу үшін үйрену керек. 

–  Еститін  де,  естімейтін  де,  білетін  де,  білмейтін  де  нәрселер  бар  ғой...  – 

Меңтай  маған  қарай  сәл  ғана  мойын  бұрып,  бас  изегендей  болды.  -  Айта 

беріңіз, ағай. 

– Иә, Зайкүл шырағым, осы сен тақымдамай тыныш отыршы, - деді Майра. - 

Бір нәрсенің шеті құлағыңа тиіп еді құнжыңдап кеттің ғой біржола. 




151 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет