Ақтөбе қаласы №15 ОМ география пәнінің мұғалімі Балғалиев А.Н.
7 сынып
Африка материгінің
физикалық - георграфиялық
сипаттамасы
Африканың аумағы - 30,3 млн км2, халқының саны 820 млн адам. Дүние жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап шеккен бірде-бір континент жоқ. XX ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлык жүйе қадам басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континентің саяси картасында (аралдардағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамушы елдер қатарына жатады. Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.
Дуние жүзінің физикалық картасы
Африка
Африка дүние жүзінің
картасында
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2 , аралдарсыз -29,2 млн. км2 .
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Африканың
физикалық картасы
1. Экватор Африка материгін дерлік ортасынан киып өтеді.
2. Африканың көп бөлігі тропиктік белдеуде орналасқан, сондықтан ол ыстық материк болып келеді.
3. Шеткi солтүстiк және шеткi оңтүстiгi нүкте дерлік экватордан бiрдей қашықтықтан орналасқан.
географиялық орналасуының ерекшеліктері
1. Солтүстікте – Эль-Абьяд мүйісі
Географиялық координаталар 37°20‘ с.е .
2. Оңтүстікте – Игольный мүйісі
Георграфиялық координаталар
34°52‘ о.е.
3. Батыс – Альмади мүйісі
Географиялық координаталар
17°33‘ б.б.
4. Шығыс – Рас-Хафун мүйісі
Географиялық координаталар
51°24‘ ш.б.
шеткі
нүктелері
Материктің өлшемдерін анықтау
1. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы (градус және км)
32 + 37 = 69 (градус)
69 х 111 = 7659 (км)
2. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы (градус және км)
15 + 52 = 67 (градус)
67 х 109,6 = 7343,2 (км)
экваторлық
субэкваторлық
тропиктік
субтропиктік
Қорытынды:Африка материгінің көп бөлігі тропиктік белдеуде орналасқандықтан ЫСТЫҚ материк.
Африканы шайып жатқан мұхиттармен теңіздер:
Африка материгі:
Гибралтар бұғазы
Суэц
каналы
Евразия
Африканың зерттелуі
Африканы
зерттеу
картасы
«Ливия- Азиямен қосылар жерінен басқа жерінің барлығын су шайып жатырған болар» Геродот – 425 ж б.э.д.
Васко да Гаманың кемелері
Васко да Гаманың XV-XVII ғ. саяхаты
Васко да Гама –
португалдық саяхатшы
Васко де Гама (порт. Vasco da Gama; 1469—1524) — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды.
Васко да Гама 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430—-1497) отбасында дүниеге келген. Анасы — Изабела Содре.
Васко да Гаманың маршруты
Африканы зерттеуге үлес қосқан
Орыс саяхатшылар мен ғалымдар
ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ ЮНКЕР
Ковалевский Е.П.
Елисеев А.В.
НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ ВАВИЛОВ
- республика
- монархия
Федеративті республикалар
55
мемлекет
49
материктік
6
аралдық
Африка территориясының құрамы
Лагос
НИГЕРИЯ
Ең үлкен Африка қаласы Нигериядағы Лагос қаласы болып табылады. Оның тұрғыны 1950 жылда әлi 300мың шақты адамды құрады,қазір 13 миллионға жеттi.
. Лагос қаласы – шығын Аралда португалдықтармен негiзделген.
Александрия
Алжир
Дакар
Касабланка
Нил
Лагос
Момбаса
Кейптаун
Дар-эс-Салам
ЛИБЕРИЯ
Нигер
Конго
- Жүк айналымы бойынша Африка порттары.
Суэц каналы
Кейптауындағы
Порттық терминал
Ніл өзеніндегі
теплоход
Африканың
климаты
Африка материгін экватор сызығы тең екі бөлікке бөлмейді, материктің 2/3 бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқан. Материктің оңтүстік және солтүстік шеткі нүктелері экватордан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан десек дұрыс болады. Бұл ерекшелік екі жарты шарда да бірдей климаттың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.
Африка - Жер шарындағы ең ыстық материк. Африканың едәуір бөлігі Күн бүкіл жыл бойы көкжиектен биік тұратын, ал жылына екі рет кез келген нүктеде дәл төбеде болатын тропиктердің аралығында жатқандықтан, ол кез келген материктен гөрі күннің жылуы мен жарығын көп қабылдайды.
Африканың көп бөлігінде ауаның жылдық орташа температурасы +20о С-ден жоғары болады. Сахара мен Суданның солтүстігінде +35-+38оС-ге жетеді. Күндізгі температура көбіне +40о С-ден асып кетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +58оС 1933 ж.
Африка климатындағы басты қайшылық – жауын-шашынның түсу мөлшері мен оның маусымдық таралуының біркелкі болмауы. Құрлық аумағының 60%-дан астам бөлігінде ылғалдану дәрежесі өте төмен болса, керісінше, кейбір бөлігінде ылғалдың мөлшері шамадан бірнеше есе артық түседі.
Климаты
Эфиопия таулы қыратында, әсіресе Камерун тауларының оңтүстік-батыс беткейлерінде жауын-шашын көп түседі, мұнда оның мөлшері жылына 10000 мм-ге дерлік жетеді. Бұл аймаққа мол ылғалды Атлант мұхитынан оңтүстік-батыс желдері әкеледі.
Жануарлар әлемі
Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктикалық зоогеографиялық облысының Жерортатеңіздік облысшасына кіреді, қалған бөлігі фаунасының ерекше байлығымен ерекшеленетін Эфиопия облысына тиесілі. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы Оңтүстік Еуропа мен Батыс Азия фаунасына ұқсас болып келеді. Атлас тауының шөлді аудандары мен Сахарада суды көп қажет етпейтін және су мен қорек табу үшін үлкен кеңістікті өту қасиеті бар жануарлар мекен етеді.
Солтүстік Африканың шөл және шөлейт жерлерінде африкалық түйеқұс, дуадақ, Атлас тауларында таулы құр, қара құзғын таралған.
Өзендері мен көлдерінде қоқиқаз, бірқазандар, аисттер, тырналар, кәдімгі солтүстік-африкалық құс – ашық сары түсті әнші құс, орман мен бақтарда ұя салады, тауларда жоғары биіктікте мекендейді.
Сахараның жануарлары шөл климатының жағдайларына бейімделген.
Сахараның жануарлары шөл климатының жағдайларына бейімделген. Мәселен, бөкендер су мен қорек іздеп өте алыс жерлерге бара алады. Кесірткелер, тасбақалар мен жыландар ұзақ уақыт сусыз жүре алады. Әр түрлі қоңыздар, көкқасқа шегіртке тұқымдастар, құршаяндар өте көп таралған.
шимпанзе
окапи
горилла
бегемот
окапи
гепард
антилопа
буйволдар
керік
Арыстан
гиена
Носорок
Құс-секретарь
Піл
түйеқұс
Ала құландар
- Оқыту кезінде мен өзімді ……… сезіндім
- Оқыту кезінде мен өзімді ……… сезіндім
- Сабақ кезіндегі өзімнің сабаққа қатысмымды … деген бағағаға бағалаймын