Қазақ Ұлттық Аграрлық универсиеті



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі353,15 Kb.
#120624
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Қазақ Ұлттық Аграрлық универсиеті (копия)



Қазақ Ұлттық Аграрлық универсиеті.


РЕФЕРАТ
Тақырыбы:< Қызылшаның бізтұмсық қоңыздары биологиясы, зияндылығы. Зиянкестерге қарсы күресуj шаралары.>
Орындаған : Хабибуллаева Меруерт Зр 315 топ
Қабылдаған : Искендирова Р
Жоспар :
Кірспе .
1. Ауыл шаруашылық зиянкестері .
Негізгі бөлім .
2. Қант қызылшасының зиянкестері .
3. Кәдімгі қант қызылшасы бізтұмсығы ( Bothenoderas puncitiveentrris Gern)
Қорытынды :
4. Зиянкестермен күресу шаралары .
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

Кіріспе .Ауыл шаруашылығы зииянкестері –қолдан өсірілген өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар .Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар , олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді .Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір -біріне ұқсас бірнеше түрлерімен ( бұршақтың дәнек қоңызы , таңқурай кеңесі ), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоңыздары мен қандалалары , түйнек бізтұмсықтары дәннің сұр көбелегі , Полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар ,күздік көбелектерді зақымдайды .


Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді , өсуі , қор жинауы , тежеледі немесе солып қалады. Өсідікке зақым келмеуі үшіін арнайы алдын ала ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу шаралары артехникалық , биологиялық, генетикалық, химиялық , механикалық , физикалық және өсімдік карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Кенелер ауыльшаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық дақылдарын дән , ұн , кепкен жеміс , көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құртаар ,негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді . Олар бүлдірген , қызылша , картоп , зиянкестері . Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған . Оар астық дақылдарын , көкөністер мен жеміс жидектерді зақымдайды , қоймада сақталатын азық түлік өнімдерінің қорыны шығын келтіреді , сондай ақ жұқпалы аурулар таратады . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығынының 20 пайызы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зтян келтіретін көп қоректі жіндіктердің түрлері brachicera- қысқамұрттылар отряд тармағына ,нағыз шегірткелер тұқымдасына ,ұзынмұрттылар отряд тармағына , шекшек тұқымдасына , шырылдауық шегірткелер тұқымдасына жатады .

Негізгі бөлім


Қант қызылшасына қөпқоректілер және маманданған зиянкестердің көптеген түрлері зиян келтіреді . Қазіргі уақытта қызылшаны зақымдайтын зиянкестердің 300 түрі белгілі . Солардың ішінде 130 дан астам қатты қанаттылар мен жартылай қатты қанаттыларға , 60 түрі қабыршақ қанаттыларға , 40 50 түрі тең қанаттылар мен жартылай қатты қанаттылар отрядтарына жатады .Насекомдардан басқа организмдерден қызылшаны кәдімгі өрмекші кене мен қызылша нематодасы зақымдайды . Көпқорнекті зиянкестерден аса қауіптілердің кеміргіш көбелектердің күздік жабайы көбелектер жұлдызқұрттары мен шыртылдақ және тақтамұртты қоңыздардың личинкалары . Маманданған зиянкестердің де түр құрамы көп: қызылшаның жапырақ бітесі мен тамыр бітесі , қызылша қандаласы , бізтұмсық қоңыздар мен бүрге қоңыздардың бірнеше түрлері және т.б . Біз төмендесе солардың ішінде ең қауіптілеріне ғана тоқталамыз . Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% жасұнық, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% ақуыз болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. БАқ ұнтақ - ең қауіпті аурулардың бірі. Бұл бірінші жылы фабрикалық қызылшаны және екінші жылы тұқымдық қызылшаны зақымдайды. Ауру көп таралған кезде өсімдіктің барлық мүшесін ақ ұнтақ басып кетеді. Ақ ұнтақпен ауырған қызылша жапырақтағы қанттың және басқа органикалық заттардың синтездеу процесі бұзылады, қоректік заттардың тамыржеміске баруы нашарлайды. Осыдан кейін жапырақтар сарғаяды да қурай бастайды. Ақ ұнтақ ауруын тудыратын микроорганизмдер өсімдік қалдықтарында, аналық қызылшаның басында және тұқымда қыстап шығады. Қызылша егісін арамшөп жапырақтары мен тамыржемістерінің қалдықтарынан әбден тазарту арқылы ауруды жоюға болады. Қызылшаны ауыспалы егісте жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру, тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану, суаруды дұрыс жүргізу және басқа агротехникалық шаралар арқылы қызылшаның ақ ұнтақ ауруына қарсы төзімділігін арттыруға болады.
Жапырақтың мезгілінен бұрын сарғаюы өнімді 10-20 процент, қанттылықты 0,5-1,5 процент кемітеді. Ақ ұнтақ ауруымен ауырған тамыржеміс қағатта сақталу кезінде шірік ауруына көп шалдығады. Ақ ұнтақ ауруы шілде айынан бастап, қазан айына дейін қызылша алқаптарына жаппай таралады. Сондықтан қант қызылшасын еккен шаруа қожалықтарына қызылшаның ақ ұнтақ ауруына қарсы фунгицид препараттармен 15-20 күн аралығында 2 рет химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу керек. Алғашқы дәрілеуді аурудың белгілері біліне бастағанда жүргізеді. Химиялық өңдеу жұмыстарына төмендегідей фунгицидтерді қолдану керек, ТОСИН-М 70% с.п (0,6-0,8кг/га), СКОР 250 к.э. (0,4л/га), КОЛФУГА-СУПЕР 20% в.с.2,0л/га, ИМПАКТ 12,5 с.к. (1,0 кг/га), БАИЛЕТОН 25 с.п ( 0,6 кг/га)ұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық (Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды, chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы – 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм.
Қ
ызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera– отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы – 6-7 мм.

Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.Қызылша қандаласы – poeciloscytuscognatusFieb. (Hemipteraотряды, Miridae – тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.


Бунақденелілердің дене тұрқы – 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .

Қызылша бітесі – Aphis fabaeScop. (Hemipteraотряды,Aphididaeтұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы – 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді. Күресу шаралары.. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады


Церкоспороз. Бұл ауруға шалдыққан қант қызылшасының жапырақтарында диаметрі 2-4 миллиметрдей дөңгелек ақшыл қоңыр, кейде қызыл қоңыр дақтар пайда болады. Ауруға күшті шалдыққанда, дөңгелек дақтар бір-бірімен қосылады, жапырақ қарайып жиырылады, сөйтіп қызылша қурап қалады. Қурап қалған жапырақ біразға дейін түспей тұрады. Осыдан кейін церкоспорозбен сабақтар да ауыра бастайды. Церкоспороз ауруымен күшті зақымдалған кезде жапырақтардың жаппай қурау салдарынан өнім де қанттылық та төмендейді. Ауру жел, жаңбыр және т.б. арқылы тарайды. Ауруға ұшыраған өсімдік қалдықтарында, жапырақта, тұқымдық қызылшаның бұтағында және тұқымында қоздырғыш қыстап шығады. Химиялық өңдеу жұмыстарына мына фунгицидтерді қолдану керек, ХЛОРОКИСЬ МЕДИ 90% с. п.(3,2-4,0кг/га), ТОПСИН-М с.п. ( 0,6-0,8кг/га), СКОР 250к.э.( 0,4л/га), ДЕРАЗОЛ 50% с.п.(0,6-0,8кг/га) АЛЬТО 40с.к.(0,15 л/га.)
Пероноспороз. Ауруды арамтамақ саңырауқұлақтар тудырады. Олар қызылша жапырағына ақ ұнтақ дақ салады. Пероноспорозбен көбінде қызылшаның жас жапырақтары ауырады. Ауруға шалдыққан жапырақтар бозғылт тартады, шетінен төмен қарай жиырылады, қалыңдап сынғыш келеді. Жаңбырлы жылдары қызылша жапырағының астыңғы жағын көк сұр дақ басады. Пероноспороз көбінесе қызылшаның орталық жапырақтарын зақымдайды да тамыржемістің ішіне енеді. Сөйтіп, ол қыс бойы тіршілікке бейімді қалпында болады. Сонымем ауру кездейсоқ далада қалып қойған қызылшада, тұқымдық қызылшада және тұқымда қалып, сонда қыстап шығады. Пероноспороз ауруымен күресудің бір жолы - ауырған қызылшаны құрту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет