Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет172/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Дүниеден із-тозы жоқ көшті-дағы. 

Әйелдер  қайтадан  өксіп,  шалдар  еңкілдеп,  үйде  отырғандар  тегіс  бордай 

босап кетті. Мен қарт ақынның қазасын көз алдыма елестеттім. Өз шешемнің 

де  соғыс  салған  құсадан  өлгенін  ойыма  алдым.  «Адам  оқтан  ғана  өлмейді 

екен ғой, – дедім ішімнен. – Қасірет пен қайғы да улы газдай тұншықтырып 

өлтіретін болғаны ғой адамды. Соғыста Замандай жалғыз-жалғыз боздақтар 

жау  оғынан  опат  болып  жатса,  елде  соғыс  жіберген  қаралы  хабарлар  қарт 

әке, қадірлі шешелерді оқтай құлатып және жатыпты-ау. Оны кім білген? 

Майданға  келген  хаттар  ішіндегі:  «Аз  ауырып  анаң  қайтыс  болды»  деген 

сияқты  қысқа  хабарлардың  ар  жағында  қандай  қасіреттер  жатқанын 

болжамаппыз  ғой».  Тана  оқыған  осынау  екі  шерлі  өлең  маған  өзім  үш 

жылдан  бері  күн  сайын  көріп  келе  жатқан  соғысты  жаңа  бір  қырынан 

танытқандай  болды.  Ол  соғыстың  адамдарды  майданда  ғана  емес,  үйде  де 

өлтіріп жатқандығы еді. 

–  «Бір  қағаз  келді-ау  сенен  түсі  жаман»  дегенге  қарағандахатты  Заманның 

жолдасы жазған ғой, - дедім мен Танаға. 

– Иә, алғашқы хат жолдасынан келді. Ол «бір шегініс кезінде адам көп опат 

болды. 

Заманнан айырылып қалдым. Тірі болса бері шығар еді. Опат болғандардың 

ортасында  қалды  деп  ұқтым»  деп  жазған  еді.  Артынан  іле-шала 

командирінен  «неміс  фашистерімен  күресте  ерлікпен  қаза  тапты»  деген 

машинкаға басылған екінші қағаз және келді. 

–  О,  пақыр-ай  десеңші,–деді  қарттардың  бірі.  Осыдан  кейін  ауыл 

адамдарының  бәрі  үйді-  үйлеріне  қайтты.  Арқаларына  бір-бір  қап  тас 

арқалағандай  боп,  белдері  бүгжиіп  біздің  үйден  әрең  шығысты.  Таяқтары 

жерді үнсіз түрткілеп, үнсіз тарасып жатты. 



178 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет