Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет180/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

парлап  ағып отырады  екен.  Сонда  Тана  жаңағы  менің  қолымды  қысқан  қос 

алақанымен талай рет оның көзінің жасын сүртіпті. 

– Сонда өзінің осындай күйге душар боларын біліп жылаған екен ғой Заман, 

–  деп  Тана  қатты  күрсініп,  аузынан  шыққан  отты  жалын  менің  бетімді  ғана 

емес, барша жанымды жалап, жайпап күйдіріп барып тынды. 

Өстіп  екеуміз  ұзақ  жаттық.  Әңгімені  айта-айта  екеуміз  де  шаршадық. 

Екеуміздің  де  тамырымызда  тулаған  бағанағы  ыстық  қан  салқындап, 

сабасына түскендей болды. 

Бір  кезде  қасымда  үнсіз  жатқан  Тананың  ішінен  бір  нәрсе  үзіліп  кеткенге 

ұқсады.  Оның  менің  иығымда  жатқан  сол  қолы  сылқ  ете  түсті  де, 

қорғасындай  салмақпен  сырғып  келіп  бетіме  тиді.  Мен  оны  ептеп  көтердім 

де,  илікпейтін  ағаштай  икемсіз  боп  қалған  қыз  қолын  жайлап  қана  жанына 

салдым.  Ұзақ  жылап,  қайтадан  маған  қарап  қырындап  жатқан  қыз 

шалқасынан ауыр аунап түсті де, танауы пыс етіп, тәтті ұйқыға кетті. 

Ертеңінде,  түске  таман,  Тана  үш  күнге  сұранып  келгендіктен  оны  Ақжалға 

жібермей үйде қалдырып, өзім ауыл аралап, кемпір-шалдарға сәлем берейін 

деп көшеге шықтым. 

Алдымнан соғысқа бармай ауылда қалған, кішкентайдан бірге өскен құрбым 

Төкеш кездесе кетті. Колхозда бригадир екенін ол алдыңғы күні түнде, алғаш 

кездескенімізде айтқан болатын. Екі бұты талтақ үш бұрышты саржан ағашын 

иығына салып алып, бүкеңдеп келеді екен. 

– Ереке, батыр, сәлем бердік. Кеше қайда барып келдің, неге ат сұрамадың? 

– деді ол қос қолын бірдей ұсынып. 




186 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет