Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет181/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Солдаттың  аты  екі  аяғы  ғой,  –  дедім  де,  ауданға,  военкоматқа  барып 

тіркеліп  қайтқанымды  айттым.  –  Сен  ерте  жер  басына  кетіп  қалған  екенсің, 

көлік сұрап Бүркітбайға барғым келмеді, – дедім. 

– Айтпақшы, құсың құтты болсын, – деді Төкеш екі көзі күлімдеп, екі танауы 

қусырыла түсіп. 

– Қайдағы құс? 

– Кеше кешке қарай Ақжал жақтан бір ақсұңқар құс ұшып келіп, сенің қолыңа 

қонды деп естіп едім. Сонау соғыстан елге келгенде еңбегін еш, құшағыңның 

құр болмағанына қуанып жатырмын. 

Тәкештің  Тананы  сөз  қылып  тұрғанын  енді  түсіндім.  Кеудемде  мұз  үстінде 

жүрген  қызыл  судай  болып,  ауылға  Тана  жайында  өсек  жайылып  қалғанын 

да жаңа сездім. Сондықтан түсімді бірден суыққа сала бастадым. 

–  Батыр,  шыныңды  айтшы,  қалыңдығың  ба  бұл  қыз?  –  деп  Төкеш  қайтадан 

қылмыңдады. 

– Жоқ, досым, - дедім мен. 

–  Қой,  оны  түнде  қасыңа  оңаша  алып  жатыпсың  ғой.  Қалыңдығың  болмаса 

ол не? 


–  Бөлек  жай  болмаған  соң,  бір  бөлмеде  жатпағанда  қайтесің?  Ал  оны  кім 

айтты саған? 

– Ел құлағы - елу деген емес пе? Жұрт сенің кішкентай жиендеріңнен естіпті. 

–  Балалар  не  біледі,  –  дедім  мен  салмақты  түрде.  –  Ел  де  бала  сияқты 

естігенін айта береді. 

Бірақ сен сенбей-ақ қой оған. 




187 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет