Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет184/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Тұрсынды  ертіп  жүріп,  ауылдың  үлкендеріне  тегіс  сәлем  беріп  шықтым. 

Соғыста  тұл  қалған  жесір  жеңгелеріме  амандастым.  Кірген  үйімнің 

өлгендеріне көңіл айтып, соғыста тірі жүргендерін осы мен сияқты боп, аман-

есен  қайтып  келеді  деп  жұбаттым.  Үйден  үйге  ілесе  жүріп  Тұрсын  кімнің 

үйінде  қандай  хал-ахуал  бар,  ауыл  соғыс  кезінде  қандай  қиындықтар  көріп 

жатыр,  қай  үйге  қара  қағаз  қашан  келді  –  соның  бәрін  жақ  жаппастан 

баяндаумен  болды.  Менен  алты  жас  кіші,  мен  соғысқа  кеткенде  төртінші 

класта  оқып  жүрген  бала  Тұрсын  енді  ширақ,  пысық,  елпек  жігіт  болыпты. 

Үлкенге қызмет етуге даяр тұратын жылпостығы және білінеді. 

–  Мынау  Бүркітбай  ағайдың  үйі,  кіресіз  бе?  –  деді  Тұрсын  колхоз 

председателінің  үйінің  тұсына  келгенімізде.  Мен  ол  үйдің  кімдікі  екенін 

Тұрсын айтпаса да білуші едім. Қу бала мені қайтер екен деп, әдейі айтты-ау 

деймін.  Өйткені  менімен  уәдесі  бар  Сәлиманы  бұзып,  Бүркітбай  алып 

отырғанын бүкіл «Ақбота» ауылы білгенде, ол білмеуші ме еді? 

– Ол кісі өзі қайда екен? – дедім мен Тұрсынға осы кезде өз көңілімнің алай-

түлей боп кеткенін сездірмеуге тырысып. 

– Кеңседе шығар, – деді Тұрсын. 

– Жүр, онда кеңсеге барып, Бүкеңе де сәлем берейік. Ол кісі менің бұрынғы 

бригадирім ғой. 

Тұрсын  бетіме  қарады.  «Қу  бала,  күйімнің  қандай  екенін  білгің  келеді-ау, 

тегі» дедім ішімнен. Балаға бәрібір сыр бермеуге бақтым. 

–  Жарайды,  жүріңіз,  кеңсеге  барайық  онда,  –  деп  Тұрсын  қайтадан  лып  ете 

қалды. 


Колхоз  председателі  Бүркітбай  Тұтқышевпен  кеңсе  алдында  кездестік.  Ол 

іштен  сыртқа  қарай  шығып  келеді  екен.  Басында  қызыл  пүліштен  тысталған 




190 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет