Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет177/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шыңырау  түбіне  тез  құласам  екен  деген  жүрегімде  жалғыз  жалын  тілек 

барын аңғардым. 

Бұл  сәт  маған  аса  тәтті  де,  асқан  үрейлі  де  боп  көрінді.  Мен  шыңнан 

шыңырауға  қарай  тартылған  әлдебір  құпия  күштің  арнасында  тұрғандай 

болдым.  Ақ  көбікті  аузын  ашып  толқын-толқын  болып,  суылдаған  дыбысы 

білініп, кемерден аса лықып келе жатқан сол күш қазір мені жаңқадай жұлып 

әкетіп, құздан төмен қарай құлатып қоя беретін сияқтанды. Осы соңғы сәтте 

ойымда  айдаладан,  алыстан  –  сонау  шыңырау  түбінен  шыққан  ащы  үндей 

болып,  әлдебір  қарсылықтың  әлсіз  лебі  білінді.  Бара-бара  ол  үн  күшейіп, 

күшті  бір  әннің  әуеніне  айналған  сияқтанды.  Бұл  әуен  жаңағы  мені  құздан 

құлатуға асығып, айдаһардай жүз бүктеле лықып келе жатқан белгісіз күштің 

суылдаған  үнін  өшіріп,  оны  еңсере  жеңіп,  теріс  аққан  судай  етіп,  кері  қуып 

бара жатқанға ұқсады. 

Мен  оның  мұншама  екпінді  не  ән  екенін  ұққым,  білгім  келгендей, 

құлағымды тосып, бүкіл жер шарын уыстағандай боп қыздың алмасы үстінде 

жатқан қолым сәл босап, қалт тыңдап қалған іспеттендім. Ақыры мен ол әнді 

де, оны шырқаушыны да таныдым. 

Сол  сәттен  төрт  жыл  бұрын,  1940  жылдың  жазында,  осы  ауылға,  маған 

қонаққа  педучилшцеде  бірге  оқыған  жалғыз  жан  досым  Заман  келіп,  осы 

үйге қонды. Заман бұрын бұл маң естімеген жаңа бір жақсы әнді өзімен бірге 

ала келді. Әннің аты «Зәуреш» екен. 

Мазмұны:  оба  жалмаған  отыз  ұлдан  қалған  жалғыз  қызын  іздеп  келген 

сорлы әке қызының да өлігі үстінен, қабыр басынан шығады. Сондағы әкенің 

құран орнына зарланып айтқан аза әні тыңдаушыны еріксіз егілтіп жібереді. 

Мол  дауысты,  ашық  үнді,  жайдары  мінезді,  қою  бұйра  шашы  маңдайына 

түскен,  жұмсақ  нұр  шашатын  қоңыр  қой  көзді  жас  Заман  біздің  осы  үйдің 



183 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет