Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет176/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жылжыттым.  Ол  да  жабық  екен.  Саусақтарымның  жалынғандай  боп  діріл 

қаққан сабырсыз шапшаң қимылы әсер етті ме, қыз кеудесін кеудеме тигізе, 

ыстық  демімен  бетімді  шарпып,  маған  қарай  бұрылды  да,  сол  қолын  арқа 

жағына  қарай  созып,  әлдебір  нәрселерді  тырсылдатып,  ағытып  жатқандай 

болды. Бұл кезде мен оның атлас иығын қайта-қайта емірене сипағанымды 

білемін. Тананың кеудеме тірелген аршын төсі мен бетіме соққан ыстық лебі, 

жағадан қайтқан толқындай шегініп, алыстап кеткендей болды. Сөйтсем қыз 

қайтадан  шалқасынан  жатқан  екен.  Менің  қолым  ашқарақтанып,  тағы  да 

жаңағы жерді сипалады. Арқадан ағытылып, бос қалған бюстгалтер астынан 

топ-томпақ,  тып-тығыз  қыз  алмасы  қолыма  ілінді.  Менің  уысыма  ғана 

арналып  жасалғандай  шап-шағын,  бірақ  адамның  өн  бойына  бірден 

электросварка  отының  жарқылындай  ғажайып  ұшқынды  діріл  шашатын 

ғажап дүниені қайта-қайта сипай бергім келді. Ағаш басында тұрған алманы 

жұлып  алардан  бұрын  оның  қатты,  жұмсақтығын  білу  үшін  адам  уысына 

салып,  ақырын  қысып  көрмейтін  бе  еді.  Менің  де  сөйткім  келді  ме, 

білмеймін (тегі мен оны өз бағымның алмасы деп ойлап қалсам керек), бір 

кезде  қыздың  алмасын  құшырлана  қысып  жібергенімді  өзім  де  байқамай 

қалдым.  Қыз  да  сүйсініп  кетті-  ау  деймін,  «ІҺ!»  деп  қалды.  Содан  кейін  тек 

алмасын  ғана  емес,  бар  денесін  менің  алақанымның  астына  салып,  тұла 

бойын  тұтас  менің  уысыма  бергісі  келгендей,  сол  ыңырсыған  ләззатпен 

барша денесін менің алақанымның астына қарай жиырып, кішірейіп, бір уыс 

тәтті құмарлықтың ырқына беріле бастағанын аңғарғандай болдым. 

Бұрын  жалаңаш  қызды  құшақтап  кім  көрген,  шіркін!  Танамен  бір  төсекте 

жатқан  сол  сәтте  ажалға  арналып,  бір  арқанмен  маталған  Еңлік  пен  Кебек 

сияқты  тас  қамау,  берік  шырмауда  қалғандай,  қазір  екеуміз  шыңнан 

шыңырауға 

құлайтындай 

күй 

кештім. 


Биіктен 

бүтін 


дене 

боп 


лақтырылғанмен,  етекке  түскенде  парша-парша  шығатынын  білсем  де,  сол 


182 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет