Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет179/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Содан  кейін  қолымды  Тананың  кеудесінен  тартып  алмақ  болып,  қозғай 

бастап  едім,  Тана  оны  шап  беріп  ұстай  алып,  «Тағы  да  қысшы,  тағы  да!» 

дегендей,  кеудесіне  қатты  басып,  босатқысы  келмегендей  ыңғай  танытты. 

Әлде Тана менің алма қысқан қолымды сәл босатса болды кеудеден төмен 

сырғанап,  жүгенсіз  жүйріктей  лағып  басқа  жаққа  кете  ме  деп 

қорыққандықтан  сөйтті  ме,  оны  аңғара  алмадым.  Қылмыс  істегендей  боп 

сасқалақтаған  мен  қолымды  күшпен  тартып  алуға  шамам  жоғын  сездім  де, 

енді қайран досымның өзін көмекке шақырдым. 

– Осыдан төрт жыл бұрын, – дедім мен Танаға дауысым дірілдеп, – қазір сен 

екеуміз  құшақтасып  жатқан  осы  жерде  егіз  қозыдай  болып  Заман  екеуміз 

жатып едік... 

Заман  атын  естігенде  Тананың  менің  қолымды  қысып  жатқан  қос  алақаны 

ортасынан  үзілген  серіппедей  босап,  сусып,  сырғанап  жерге  түсіп  кетті.  Осы 

кезде мен қыз кеудесінде тұтқында қалған қолымды босатып алып, қыздан 

бойымды бөлектей түсіп, Заманның біздің үйге сол жолғы келісін ұзақ әңгіме 

етіп  айттым.  Заман  аты  аталғаннан  бастап,  Тана  қайта  жылап,  солқылдап 

келіп сан рет маған бетін басты. 

Екі дос бір-біріне сыр айтады. 

Әкесі баласын шын айтады. 

Айырылып,  Зәуреш,  сенен  қалғаннан  соң,  «Көке!»  деп  енді  мені  кім 

айтады?!– деп Заман көкірегі қарыс айырылғандай боп шерлене шырқағанда 

біздің ауылдың кәрі- жасының көзінен жас парлағанын баян еттім. 

«Зәуреш»  әнін  Заман  аузынан  Тананың  өзі  де  талай  рет  естіген  екен.  Жас-

желең  жиылып  Ақжал  тауының  басына  шығып  серуен  құрған  шақтарда 

Заманға барлығы қолқалап осы әнді айттыратын болса керек. Көзіне төгілген 

қара бұйра шашын сілкіп тастап Заман бұл әнді шырқағанда екі көзінен жас 



185 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет