Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет253/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ойпырай,  Төкеңнің  ұйқышылы-ай  осы,  –  деп  Жомартбек  оның  үстіндегі 

көрпені жұлып кеп алды. Қырыққан серкештей тыртиып, Төлеубек орнынан 

тұрды. 


Аузы 

қомпаң-қомпаң 

етеді. 

Алғашында 

ол 

Жомарбектің 



жұлқылағанынан шошып кетіп, үні шықпай қалған екен деп ойладық. 

Сөйтсек,  аузына  толтырып  алған  талқанды  жұта  алмай  қақалып  тұр  екен. 

Ауызындағы  кебір  талқанның  жартысын  әрең  ары  қарай  жөнелткен 

Төлеубек, көзі аларып Жомартбекке бақшиды. 

–  Сен,  немене,  кісінің  өз  тамағын  өзіне  жегізбейсің  бе?  –  деді  аузынан  ақ 

боран бұрқылдап. 

–  Ойбай-ау,  Төке,  мен  қайдан  білейін  сіздің  өз  асыңызды  өзіңіз  ұрлап  жеп 

жатқаныңызды, – деп Жомартбек өз төсегіне қарай шегіншектей берді. 

– Иә, білмегенін... 

Пернеш екеуміз теріс қарап сылқ-сылқ күліп жатырмыз. 

– Оллаһи, білгемін жоқ, - дейді Жомартбек міз бақпастан. Сізді өйтеді деп кім 

ойлаған?! 

Біз  қайтадан  орнымызға  жаттық.  Жомартбек  шам  өшіруге  беттеп,  сөйлеп 

бара жатыр. 

– Біздің ауылда бір кәнігі ұры болған екен, - дейді ол өзінен өзі даурығып. – 

Сол кісі әбден қартайып, атқа мінуден қалған соң, анда-санда, түнде өз үйінің 

шошаласынан  ет  ұрлайтын  көрінеді.  Оны  айдалаға  апарып,  бақырға  асып, 

маңайда  ешкім  жоқ  екенін  біле  тұрса  да,  айналасына  алақ-жұлақ  қарап 

отыратын  болса  керек.  Шала  піскен  еттен  бір  асап,  опыр-  топыр  отты 

сөндіріп, қараңғыда бұқпантайлап тұра кеп қашып, үйіне келіп, содан соң екі- 

үш күн қатарынан рахаттанып ұйықтайды екен. Біздің Төкең де сөйтіп... 

– Әй, оттамашы өзің!.. 




259 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет