Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет254/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Қараңғыда  бір  нәрсе  қабырғаға  тарс  ете  қалды.  Әрине,  ол  Төлеубектің 

бұзаубас туфлиі. 

Туфли  еш  жеріне  тимесе  де  Жомартбек:  «Ойбай,  өлдім!»  деп  баж  етіп 

төсегіне құлады. Біз тағы да мырс-мырс күлеміз. Жомартбек те күліп жатыр. 

Оның  мәз  бола  қатты  күлгендігі  сондай,  төсегінің  тот  басқан  шынжыры 

бірсыпыраға дейін шиық-шиық етті де тұрды. 

Көшеде  келе  жатып  мен  өзімнен  өзім  осы  оқиға  есіме  түсіп  күлемін.  «Ой, 

Жомартбек-ай, несі бар екен Төлеубек байғұста?» деймін басымды шайқап. 

Күлемін  де,  «артыңнан  тым  болмаса қатықсыз  қара  талқан  келіп  тұрғанның 

өзі  де  қызық  екен-ау»  деп  ойлаймын.  Осы  кезде  көз  алдыма  Меңтай 

елестейді.  Ол  қалың  кірпіктерін  төмен  түсіріп,  «Рас»  деп,  ақырын  ғана  мені 

құптап бас изегендей болады. Әрине, рас деймін мен содан соң өзімді өзім 

құптағандай.  Ой  ойға  ұласады.  Қызға  ғашық  болу  жігіт  өмірінің  ғажап  бір 

кезеңі ғой. 

Кейінгі  өміріңнің  реніш,  қуанышы  да  соны  сенің  қалай  түсініп,  қалай 

өткергеніңе  байланысты.  Қайта  оралмас,  қайырылмас  сол  бір  қымбат  сәтті 

қадірін  кетірмей,  адалдықпен  ардақтап,  ертең  еске  түсіргенде  өзің  сүйсініп, 

өзге ғибрат аларлықтай етіп өткізгенге не жетсін, шіркін! Бірақ, сен сыртынан 

сұқтанған  көрікті  қыз  көңіліңе  тоқ  болғанымен,  қарныңа  қанағат  әкелмейді 

екен.  Міне,  мен  сондықтан  таң  атпай  дедектеп  сексеуіл  базасына  келе 

жатырмын. 

Бірақ бұл жолғы келуім сәтті болмады. Өйткені сексеуіл тасу ісі жазда тоқтап, 

күзде  бір-ақ  басталады  екен.  Біз  емтиханға  кіріскелі  базаға  бір  де  состав 

келмепті. Алайда отын тау-тау болып үйіліп жатыр. Жұрт жазғы қажетін ептеп 

осыдан  алып  кете  бермек.  Менің  мұндағы  серіктерім  де  ыдырап  кетіпті. 

Қалған  бірен-сараны  әркімнің  есек  арбасына  отын  тиесіп,  иесінің 



260 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет