Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет276/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қол созды. Қол созып жатып, әрірек үстелдерде отырғандардың бірімен бас 

изеп амандасты. 

– Әй, сен менің кіммен амандасқанымды көріп қой, – деді ол мені бүйірден 

нұқып. - 

Таяуда әскерден босаған ақын жігіт. Өзі арақты өкіртіп ішеді. Аһ! 

Мен  жолдасын  нұсқаған  жаққа  бұрылдым.  «Арақты  өкіртіп  ішетін»  қызыл 

шырайлы келген еңгезердей жігіт екен. «Болса болар» дедім ішімнен. 

–  Әй,  сен  мына  сыраға  қарашы,  –  деді Шалдуар  саптыаяғын  көтере  ұстап.  – 

Осының түсі қандай? 

– Қоңыр емес пе? 

–  Жоқ,  таба  алмадың.  Жақсы  ішетін  бір  журналист  мұны  былай  деп 

суреттеген: 

Тобылғы торы сыраны 

Толқыта ішер күн қайда? 

Тостаған көз қыздарды 

Толықси қуар күн қайда? 

«Тобылғы торы сыра» дегені жақсы теңеу емес пе, ah! Ғажап тауып айтқан? 

Ah! - осылай деп Шалдуар қалған сыраны басына бір-ақ көтерді. 

–  Тобылғының  түсін  торы  демеуші  еді  ғой,  -  дедім  мен  серігім  саптыаяғын 

үстелге қойғаннан кейін. – Қызыл тобылғы десе керек еді. Торы деген сөз тек 

жылқыға  ғана  айтылмай  ма?  Егер  арақтың  дәмін  аюдай  ақырған  ащы  дей 

келіп, сыраны торы жылқыдай жуас десе бір сәрі емес пе? 



282 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет