Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет291/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ол  –  сен  ғой,  Зайкүл,  –  деді  Меңтай  көзін  алысқа  қадап,  қатты  ойлана 

отырып. 

– Сонда сен барар ма едің? – деп Зайкүл шап ете қалды оған. 

–  Мен  ғашық  емеспін,  -  деді  Меңтай  бұрылып.  –  Ал  шын  сүйіп,  уәделескен 

кісім  болса,  әрине,  барар  едім.  «Рас,  шын  сүйіп,  уәделескен  кісісі  болса 

Меңтай сөзсіз барар еді» деп ойладым мен де ішімнен. 

–  Жоқ,  Зайкүл,  сен  барасың.  Баратыныңды  өзің  байқамай  отырсың,  -  деді 

Қанипа  қасқа  тісін  ақситып,  көзін  құйқылжыта  күлімдеп.  –  Төбеңнен  алтын 

құямын  десе,  неге  бармайсың,  барасың,  әрине.  Өйткені,  -  Қанипа  бұл  тұста 

дауысын да құбылтып жіберді, – ол алтын ғой... 

Қыздар ду күлісті. Зайкүлдің өзі де күлді. 

– Қайдан білейін, – деді ол басын шайқап, - онда барып та қалуым мүмкін-ау. 

- Бірақ ол бұл ойына табан тіремей жатып, тез жалт бұрылды. – Әй, алыс қой, 

бара  алмайтын  шығармын.  Айдаладағы  Орал  тауы  тұрғай,  мына  тұрған 

Қордай тауының етегіндегі ауылыма барып келуге де қиынсынамын. 

Жомартбек әндетіп қоя берді. 

– Бектер мінер сұр қасқа, 

Шаба алмаса – ұр басқа. 

Батырлық, байлық кімде жоқ, 

Ғашықтың жөні бір басқа –– деген емес пе? 

Ғашық болсаң – қашық болса да барасың, Зайкүл aпa. 

Зайкүл  киім  жағынан  өзгелерден  өзін  ерекше  ұстауға  тырысатын.  Кексе 

әйелдерге  ұқсап,  мойнына  студент  қолы  жетпейтін  қызыл  түлкі  салып,  екі 




297 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет