Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет293/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Менің ойымнан Тана құрбымыз бен Заман ағай кететін емес. 

– Ал? 

– Сонсоң? – десті Зайкүл мен Қанипа жарыса. 



– Ол екеуінікі қандай мөлдір махаббат десеңші, қыздар, ә! 

– Рас, рас! – десіп басқа қыздар бастарын шұлғыды. 

– Заман ағайдың суретін анада ағай көрсетіп еді ғой бізге, - Меңтай иегімен 

мені нұсқады. 

–  Сондай  бір  сымбатты,  өңінен  инабаты  білінген  әсем  жастың  тұлғасын 

танығандай  боп  едік  қой  суретіне  қарап.  Сол  асыл  жігіт  тұтқынға  түсіп,  қор 

болып  мынадай  күйге  ұшырапты,  –  Меңтайдың  дауысы  дірілдеп  кеткендей 

болды.  Ол  сәл  тоқтап,  бойын  бекітіп  алды  да,  қайта  сөйледі.  –  Тана  болса, 

«өлді» дегенге сенбей, өмір бойы күтуге бекінген екен. Енді оның тірі деген 

хабарын  естігенде,  бар  бейнетке  белін  байлап,  соған  жүргелі  жатыр,  – 

Меңтай  үні  тағы  да  булыға  бастады.  –  Біз  ғашықтарды  құрметтеген  елдің 

қыздары  емеспіз  бе?  Шамамыз  келгенше  бұл  сапарға  Тананы  дұрыстап 

аттандырып салсақ қайтеді... 

Осылай  деп  Меңтай,  сөзінің  аяғын  айта  алмай,  кемсеңдеп,  бетін  басып 

жылап жіберді. 

Бірсыпыра қыздар оған қосыла көздерін сүртті. Жомартбек екеуіміз де босап, 

төмен қарап, партаны шұқылай бердік. 

– Ағай кеше қалтасындағы бар ақшасын беріпті ғой, «Бақа бірдеңе етсе көлге 

сеп»  деген  бар  емес  пе?  Тананың  жолына  біз  де  қаражат  жинап  берейік. 

Танымайтын  бөтен  жерде  жарын  іздеген  шүйкедей  жалғыз  қыздың  күні  не 

болатынын  кім  білсін...  бірақ  ең  жоқ  дегенде  қалтасында  ақшасы  болса,  ол 

да көңілге медеу ғой... менің дайын ақшам жоқ. 




299 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет