Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет295/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Айналайын,  апам-ай,  жүрегің  қандай  жақсы  еді.  Келші,  бетіңнен  бір  шөп 

еткізейін,  -  деп  ол  Зайкүлге  қарай  ұмтылды.  Зайкүл  қымсынбастан  бетін 

тосты.  Жомартбек  оны  құшақтап,  бас  салды.  Жұрт  тағы  да  қыран  күлкіге 

батты. 

Ертеңінде  Жомартбек  қыздардың  берген  заттарын  осы  күнгі  стадион 

орнындағы  ескі-  құсқы  базарына  апарып  өткізіп  келді.  Оның  ең  қымбатқа 

сатқаны Меңтайдың қызыл көрпесі болыпты. Жомартбек Меңтайдың шешесі 

мен  ағасынан  қалған  белгі  –  жалғыз  көрпесін  сатпаймын,  алмаймын  деген 

екен. Ол: «Ал, апар, басқа бағалы затым жоқ» деп қиылып болмапты. Сөйтіп, 

мен  үшін  махаббаттың  жалауындай  болған  қызыл  көрпе,  ақыры,  асыл 

махаббаттың  мұқтажына  жұмсалыпты.  Сонымен,  қыздардан  бас-аяғы  төрт 

жарым  мың  сом  ақша  және  жиналды.  Сол  күні  кешке  кітапханадан  шығып, 

жатақханаға кірсем, маған келген телеграмма жатыр екен. Тез ашып жіберіп, 

асыға көз жүгірттім. 

«Алма-Ата. Виноградова, 62, комната 69. Есенову Ерболу. 

Бесконечно  рад,  мой  бесценный  друг.  Обнимаю  и  целую  тебя  тысячу  раз. 

Таня если хочет, если любит меня по-прежнему, пусть приедет. Буду ждать с 

нетерпением, Твой Заман». 

Тана  келіп,  3аманның  хатын  көрсетіп,  баруға  бел  байлағаннан  кейін  мен 

Заманға телеграммажібергенмін: Тананың барғысы келеді, қабылдай аласың 

ба, тез хабарын жібер дегенмін. Бұл Заманның соған жіберген жауабы екен. 

Демек оның Танамен бірге тұруға мүмкіншілігі бар деп түйдім. 

Ертеңінде  Жомартбек  екеуіміз  Танаға барып,  телеграмманы  көрсеттік.  Одан 

соң  Жомартбектің  Жоғарғы  Совет  президиумында  қызмет  істейтін  туысына 

барып, келесі күні жүретін Алматы  – Москва поезына билетке бронь алдық. 

Сол броньмен Свердловскіге дейін деген билет қолымызға тиді. Тек Тананың 



301 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет