Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет298/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ғой» дедім тағы да. Ойлағаным осы болса да, аузымнан шыққаны басқа сөз 

болды. 

– Жалғыз неғып отырсың, Меңтай? 

–  Жай.  Жатар  алдында  ауа  жұтайын  деп  шығып  едім,  –  Меңтай  біздің 

жатақхана  жаққа  көз  тастап  алды  да,  сөзін  қайтадан  жалғады.  –  «Кімді 

ойласа, сол келеді» деген рас екен, ағай. 

Мен  жаңа  ғана  сіздің  бөлменің  терезесіндегі  шамды  көріп,  «ағай  әлі  сабақ 

қарап  отыр  екен  ғой»  деп  ойлап  едім.  «Ойлағаның,  есіңе  алғаның  қандай 

жақсы,  –  дедім  мен  ішімнен.  -  Ал  мен  сені  сағат  сайын  ойлаймын  ғой, 

Меңтай. Сен осыны білесің бе?» 

Теңіз тебіреніп, жағаға толассыз толқын лақтырғандай бір сәт туды. Менің де 

теңіздей  тербеліп  сөйлегім,  ішімдегі  Меңтайға  деген  махаббат  толқынын 

ағылта ақтарғым келді. 

-  Рақмет,  Меңтай,  –  дедім  тағы  да  екі  сөздің  басын  әрең  қосып.  – 

Ойлағаныңа... 

О,  ғажап,  теңіз  тұрғай  титімдей  бұлақ  құрлы  да  қауқарымның  жоғын 

аңғардым.  Аузымды  байқаусызда  біреу  желімдеп  кетіп,  соны  күшпен  әрең 

ашатын сияқтымын. Ашқанмен ар жағынан ақтарылар ештеңе жоқ, адасқан 

жалғыз қаздай қалбалақтап, анда-санда бір сөз зорға шығады.  Бірақ сыртқа 

шығарып айта алмағанды іштей сарнауға шебермін ғой мен. 

Дегенмен, аузымды судан шыққан балықтай, бостан-бос ашқаныма мәз боп, 

бірсыпыра асыл ойларымды ақтардым-ау деп жорамалдадым ішімнен. 

Осы  кезде  ыңыранып,  Никольск  шіркеуі  үн  қатты.  Мен  шіркеудің  өзін  жек 

көрсем  де,  оның  қоңырауының  үнін  ұнатушы  едім.  «Дың-дың»  деп  мыс 

қоңырау күңгірлей бастағанда, істеп отырған шаруамды тастап, аяғына дейін 




304 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет