Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет300/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

аңғармадым. Есіл-дертім Меңтайда болып, оны құшақтағым, құшқым келді. 

Алғашында  иық  тиістіріп  отырған  мен,  оның  үндемегенінен  дәмеленіп,  оң 

қолымды  босатып,  қызды  қаусыра  құшақтап,  өзіме  қарай  тарттым.  Неге 

екенін білмеймін, Меңтай менің құшағымнан сытылып шығуға әрекет етпеді. 

Соған  батылдандым  ба,  білмеймін,  мен  еңкейіп,  оның  діріл  қаққан  ыстық 

ерніне ернімді тигіздім. Меңтай оған да қарсылық көрсетпеді. Осыдан кейін 

маған  Меңтай  мендік  екен  деген  ой  келді  де,  асыл  арманыма  шынымен 

қолым  жеткені  ме?  –  деп,  көкіректе  бұрқ-сарқ  қайнаған  қазандай  тасыған 

қуаныштың ыстық буы көзімді шарпыды. Бірақ мұның бәрі Меңтайдың мені 

есіркеуі ғана екенін келесі сәттерде бір-ақ білдім. 

Ол  менің  сөзімді  тыңдап  болғаннан  кейін  төмен  қарап,  қоңыраудың  соңғы 

соғылуы  біткенше  үнсіз  отырды.  Одан  соң  да  ләм  демеді.  «Кей  қыздар 

жігітпен  кездескенде  оған  сүйетін,  сүймейтінін  бірден  айтады.  Бағзы 

біреулер өз ойын олай етіп жеткізе алмайды. 

Көпшілік қыздар ауызбен айтар сөзді ішінен айтып, үнсіз баян етеді. Сырттан 

сөзі де, үні де мөлт етіп көз жасы ғана болады. Сол әр тамшы жаста әр алуан 

асығыстық  сөздер  мен  жан  күйдірген  күйініш  немесе  жүрек  шарпыған 

сүйініштер жатады. Меңтай да маған деген сөзін іштей айтып отырған болар» 

деп  малдандым  мен.  Бірақ,  бетіне  қарасам,  Меңтай  бір  қызарып,  бір 

бозарып  отыр  екен.  Кейде  дем  ала  алмай,  қысылған  да  сияқтанады.  Оны 

көргенде мен Меңтай сырқаттанып қалған екен деп қалдым. 

–Немене,  Меңтай, ауырып  отырған жоқсың  ба?  –  дедім  көзім  бақырайып.  - 

Әлде менің жаңағы сөзіме ренжідің бе? 

–  Жоқ,  ағай,  –  деп  әлден  уақытта  Меңтай  сәл  басын  көтерді.  Мен  сіздің 

сөзіңізге емес, басқа нәрсеге қиналып отырмын. 




306 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет