Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет302/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

өсиеті  солай  болған  соң  және  ел  қорғап  соғыстан  келген  жігіттердің  жақсы, 

жаманы  жоқ  шығар  деп  ойлап,  «жарайды»  дедім  де,  уәдемді  бердім.  - 

Меңтай терең бір дем алып, сөзін аяқтауға кірісті. 

–  Бар  мән-жай  осы,  ағай.  Мен  ол  жігітті  сізден  артық  демеймін.  Айта 

берсеңіз,  қандай  екенін  де  білмеймін.  Ендігісін  өзіңіз  біліңіз.  Тұмажанды 

таста,  уәдеңді  бұз  дейсіз  бе,  оны  өзіңіз  айтыңыз.  Мен  сізге  сенемін.  Бұз 

десеңіз, бұзып-ақ кетейін, ағатай!.. 

Меңтай  осылай  деп  айтарын  айтып  қалды  да,  бірақ  бекер  айттым-ау  деп 

өкінгендей, тез тағы да сөйлеп кетті. 

–  Бірақ,  уәде  бұзған  адам  оңа  ма,  ағай?  Уәдеге  беріктік  –  адамның  асыл 

қасиеті болуы керек қой. Ендеше қайтып бұзамын мен ол уәдемді. 

Енді  Меңтай  емес,  мен  қиын  жағдайда  қалдым.  Ол  ендігі  билігін  өзіңіз 

айтыңыз 


деген  жаңағы 

соңғы 


сөзімен 

менің 


махаббатым 

мен 


адамгершілігімді сынға салғандай болды. 

Таразының бір басында мен, екінші басында Меңтай тұрған сияқтанды. Қай 

жағына  ауарын  білмей  таразы  дірілдеп  ұзақ  тұрып  қалған  іспеттенді.  Бір 

кезде, оның Меңтай жақ басы дір етіп қозғалып, бұлдырап кетті... 

Төрт жыл бірге болған майдандас достарым есіме түсті. Ол кездегі бәріміздің 

бірінші  арманымыз  –  жауды  жеңу  болса,  екінші  арманымыз  –  соғыстан  соң 

бір-бір  жақсы  жар  құшып,  жарасты  өмір  кешу  еді.  Кей  жолдастарым  осы 

арманына жетпей өліп кетті. 

Тұмажан  да  көкірегіне  сондай  арман  тұтып,  аман  келген  азамат  шығар. 

Ендеше  оның  серттескен  қызын  бұзып  алу  солдаттың  солдатқа  жасаған 

қиянаты  болар.  Мұным  адамшылыққа  жатпас,  арсыздықпен  шектесер  деп 

бір  ойладым.  Жоқ,  қыз  мені  жақсы  көремін  деп  тұр  ғой.  Ендеше  неге 




308 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет