Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье селосы
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Байдаева Алтынай Асылбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Өзен көлдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік
қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылырдың өзен мен көл туралы дүниетанымын,таным-
дық қабілетін, өзен мен көлдерді пайдалану және сақтау
жайында пікір,сенім қалыптастыру,шығармашылығын
дамыту.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, табиғатты қорғауға, өзен мен көл суларын
Қорғау туралы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Суреттер, Қазақстан картасы,тірек-сызбалар,мақал-мәтелдер.
Түрі: Жаңа білімді игерту сабағы, танымдық сабақ.
Әдісі: Түсіндіру,ой жинақтау, ой қорыту,көрнекілікпен жұмыс.
СТО стратегиялары.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
1) Психологиялық тренинг.
-Қолды еркін тізелеріңізге қойып,көздеріңізді жұмып,жайлы отырыңыздар.
Менің айтқанымды ғана тыңдаңыз. Менің дауысыма зейіндеріңізді тұрақтаңдырыңыздар.Үш рет дем алып,баяу дем шығарыңыз.
Ал, енді өзіңізді күн сәулесінен жарқыраған шалғынды елестетіңіз. Жақсылап жан-жаққа қарап,тыңдаңыз,қандай дыбыстар сізді аялайды? Әдемі гүлдерді көріп тұрсыздар,көздің жауын алады. Сіз осы шалғын арасындағы жолмен келе жатырсыз.Алдыңызда орман, соған кіріңіз. Мұндағы ағаштың,орманның иісі мен бұлақтың сылдыры, тасыған өзеннің суымен дыбысын сезініңіз. Құстардың дауысы жанымызға тыныштық береді. Орманнан шығып,шалғынға қарай шықтық. Әдемі гүлдер,самал жел,,,,,,,,,,,,
Қандай жұпар иіс пен таза ауа. Жеңіл және еркін демалыңыз.Көңіл күйлеріңіз сергек және қуанышты. «Үш» дегенде көздеріңізді ашыңыздар.
Көздеріңізге елестеткен табиғатты суреттеп көріңдер және алған әсерлерің жайлы айтыңдар.
2) «Кубизм» әдісі арқылы өткен тақырыпты сұрау.
Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?
Табиғатта су айналымы қалай жүреді?
Жер асты суларының қандай маңызы бар?
Жер асты сулары қалай пайда болады?
Қандай суларды минералды сулар деп атайды?
Шипалы сулар туралы не білеміз?
3) Үй тапсырмасын сұрау. «Жер асты сулары»
ІІ. Мағынаны тану:
1) Су туралы не білеміз?
Өзен, көлдер Жер асты сулары
Су
Адам, жануар, тазалыққа
өсімдік
сусын жаңбыр, қар, шық
2) Өлең жолдарын оқу.
- Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған. ( Ы. Алтынсарин)
- Өлең не туралы? (Өзен)
- Авторы кім? ( Ы. Алтынсарин)
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Өзен және көл»
3) Тақырыптық түсінік беру.
- Қазақстан кең байтақ өлке. Ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі.Қазақстан орман-тоғайлы, шалғынды, таулы, өзен,көлді жерлерге бай.
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар.Жердің ¾ бөлігін су алып жатыр.
4) Дәптермен жұмыс.
Күн реті, сабақ тақырыбын жаздыру.
5) Сызбамен жұмыс.
Табиғи су қоймалары
Өзен Көл Теңіз Мұхит
Жайық Ертіс Есіл
Өзендер
Тобыл Торғай
Ертіс Сарысу
Нұра Сырдария
Өзен
Өзі салған арнамен ағатын су ағыны.
Бастау
Ағыс
Сала
Саға
Өзен басталатын орын. Өзен еңіске қарай ағады.
Өзендегі су қозғалысы
Ағып келе жатқан өзендегі жолдан басқа да бұлақтар мен өзендер суын құяды.
Өзеннің басқа су қоймаға құятын жерін атайды.
6) Өзіміздің тұратын жердегі өзен – Қиғаш, Шарон-аудан орталығындағы өзен. Ауылымыздың батыс жағындағы өзен атау – ескі атауы –Демидов, жаңа атауы – Тереңөзек. Ауыл ішіндегі – Қарашекпен. Бажан өзегі.
7) Көл
Көл
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар. Үлкен көлдер – теңіз деп аталады.
Каспий теңізі
Арал теңізі
Зайсан көлі
Балқаш көлі
Ащы
Өзен құймайды сонд. ащы
Тұщы
Ірі өзендер келіп құяды
8) Дәптерге өзен, көлдердің атын жазып алу.
9) Өзендер туралы мағлұмат беру. (Жайық, Сырдария)
10) Көлдер туралы мағлұмат беру. (Каспий, Балқаш)
11) Топтастыру стратегиясы
Өзен, көлдерді не үшін пайдаланады?
Туризм Егістікке
Өзендерді не үшін, қандай мақсатқа пайдаланады?
Емдік бағытта Балық аулайды
Жүк тасымалдау үшін Бау-бақшаға
Мал суарады Электр энергиясын
өндіру үшін
12) «Су туралы статистика»
А) Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты
Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхитының слайды)
Ә) Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия) 371 000 км2
(Слайдтағы бейне)
Б) Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл,Қорғалжын. (Слайд)
13) Оқулықпен жұмыс
А) Мәтінді тізбектей оқыту.
Ә) Сұрақтарға жауап беру.
- Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?
(егістік суарылады, кемелер жүзеді, Жолаушылар жүк тасиды)
Қазақстанның физикалық картасынан ірі-ірі өзендер мен көлдерді тап.
Арал теңізіне және Балқаш көліне құятын қандай өзендерді білесің?
(Аралға – Сырдария мен Әмудария құяды,
Балқашқа – Іле, Қаратал, Ілепсі)
14) Сергіту сәті
Тамшы болып тамайық,
Арықпен бірге ағайық.
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық.
Бу болып аспан төрінде,
Бұлттар санын құрайық.
Бұлттан жаңбыр сөгілер,
Жер әлемге төгілер.
15) Сен білесің бе?
Су өмір нәрі дейді. Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ суға қатысты бірнеше деректер келтіруге болады екен.
Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 пайызы судан тұрады.
Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 грамм ғана құрғақ зат алынады, яғны қарбыздың 98 пайызы судан тұрады.
Адамның тамағына және ішуіне 2-3 л су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне 60 тонна су тұтынады екен.
Адам салмағының 65 пайызы су десек, адам ағзасы 15-20 пайызынан айырылса тіршілігі тоқтайды. Адам сусыз бірнеше күн ғана шыдай алады.
1 кг картопты өсіруге – 300 л су, 1 кг бидай өсіруге – 1200 л су жұмсалады екен.
16) Шығармашылық жұмыс
(Әр түрлі көркем шығармалардан алынған сөйлемдер оқимын. Әрбір сөй-лемнен соң суға сипаттама беріңдер.
Тақтада СУ деп жазылған парақ тұрады, оқушылар өз жауаптарын жалғас-тырып жазады.)
1) Бұлақ сылдыры қандай әсем! (Су сұлулық сыйлайды)
2) Алақай, бұлақ ән салып жатыр! (Су көңіліңді көтереді)
3) Су қандай мөп-мөлдір! Тап-таза! (Су – тазалық көзі)
4) Рақат-ай! Денемнің сүргігені-ай! (Су – шынығу көзі)
5) Уһ! Салқын судың шөлімді басқаны-ай! (Су – тағам)
17) Су туралы мақал – мәтел.
Суды іздеген – берекелі іс жасайды,
Суды бекер төккен – күнә жасайды.
18) Су туралы ырым-тыйым сөздер.
19) Сөз жұмбақ шешу: «Өзен, көл»
Ө
«Өзен» Сұрақтары:
З
Құрлық бетіндегі түрлі ойыс. (көл)
Е
Тұзды көлден қандай пайдалы минерал өндіріледі? (тұз)
Н
Қазақстандағы баяу ағатын өзендердің бірі. (Ертіс)
Өзеннің жер бетіндегі белгілі бір ойысты бойлап ағуы. (арна)
К
«Көл» Сұрақтары:
Ө
Қазақстандағы тұзды теңіз. (Каспий)
Л
Жылғалар бір – бірімен қосылып нені құрайды? (Өзен)
Сайдың түбінен шыққан бұлақ ылдиға қарай сылдырап ағады. (бұлақ)
ІІІ. Ой толғаныс
1) Венн диаграммасы
Өзендер
|
Ұқсастығы
|
Көлдер
|
Өзі салған арнамен ағатын су ағыны.
|
Екеуі де су, адам тіршілігі үшін қажет. Көл өзен сиақты бірнеше км жерлерге ағып бармайды.
|
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.
|
2) Тест жұмысы
Қазақстанның өзендері:
А) Ертіс, Ніл, Нұра
Ә) Сырдария, Ертіс, Нұра
Б) Лена, Енисей, Сена
2. Қарағанды мен Екібастұзда не өндіріледі?
А) Мұнай
Ә) Көмір
Б) Газ
Шипалы су шығатын жер қалай аталады?
А) Құдық
Ә) Бастау
Б) Арасан
Жер асты суының негізгі көзі:
А) Тұщы су
Ә) Құдық
Б) Жауын – шашын
Жер бетін өзгертетін апат:
А) Селдер
Ә) Су тасқындары
Б) Мұз айдындары
Судың үш күйін ата:
А) Қатты, сұйық, газ
Ә) Таза, ақ, көгілдір
Б) Сұйық, газ, мөлдір
3) Оқушылардың өткен сыныптардан және өмірден алған білім деңгейлерін анықтау үшін әңгімелесу өткізу.
Жылға деген не? /Сайдың түбінен шыққан бұлақ суының ылдиға қарай ағуы/
Өзен қалай пайда болады? /Жылғалар бір-бірімен қосылып өзенді құрайды/
Өзеннің ерекшелігі қандай, оның жеке бөліктері қалай аталады? /Өзеннің ағып шығатын жерін бастауы деп атайды. Өзен жер бетіндегі бір ойысты бойлап ағады. Ол арна деп аталады./
Көлдің өзеннен қандай айырмасы бар? /Өзен сиақты бірнеше км жерлерге ағып бармайды/
IV. Үй тапсырмасы: «Өзен және көл» тақырыбы
V. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |