Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет396/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Майра  тағы  да  сықылықтап  кеп  күлді.  Қыз  жүрген  жер  қызықсыз,  күлкісіз 

болмайды ғой. 

Дегенмен  Майра  бүгін  бірнеше  қыздың  күлкісін  бір  өзі  міндетіне  алған 

сияқты болды. 

Оның үстіне Майраның бұл жағдайы күлгенінен күлімсіреуі көп Меңтай мен 

ешқашан  қарқылдап  қатты  күлмейтін  менің  қасымда  ерекше  білініп  тұрды. 

Алайда  Майраның  күлкісі  адал  досқа  деген  ақжүректен  ақтарылып  жатқан 

асыл қазына екенін біліп, біз де оны іштей қосыла құптауда едік. 

–  Балалар,  үстелді  жасадыңдар  ма?  -  деп  дауыстады  осы  кезде  бір  нәрсе 

көтеріп сырттан кіріп келе жатқан Майраның шешесі. 

– Дайын, апа, – деп Майра мен Меңтай қосыла жауап қатты. 

Майраның  апасы  буы  бұрқыраған  бір  тегене  ыстық  асты  үстел  қасына  әкеп 

қойды. Өзі соның жанына жайғасты да, қызының қолынан бір-бірлеп тарелка 

алып, бәрімізге бөліп құя бастады. Абзал ананың қолымен ақ сүтке жасалған 

кеспе  көже  Меңтай  екеуміз  ақтілеумен  табысқан  алғашқы  күні  аузымызға 

алған асыл асымыз болды. 

– Ішіңдер, қарақтарым. Нанмен қосып ішіңдер,  – деп шешеміз бәйек болып 

жатыр.  Содан  соң  маған  қарай  бұрылды.  –  Қарағым,  сен  азаматсың  ғой, 

тауысып іш. Келгенің жақсы болды, айналайын. Сенің төбең көрінгеннен бері 

мына екі баламның ажары кіріп, адам болып қалды. 

–  Иә,  ажары  ғана  емес,  мына  қызыңыздың  кеудесіне  жаны  кіріп,  жақсы 

болып  қалды,  апа,  –  деп  Майра  өзінен  жоғарырақта,  маған  тақау  отырған 

Меңтайды нұсқады. Шешесі басын көтеріп қызына қарады. Меңтай «тыныш 

отыр» деген ишара жасап, Майраны ақырын жеңінен тартқылады. Бірақ оған 

Майра тоқтамады. – Меңтай мен мына отырған балаңыз екеуі бір-біріне Қыз 




402 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет