Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет399/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шырағым.  Саған  айтар  ақыл,  берер  кеңесім,  қарағым:  өзіңді  тапқан  анаңды 

сыйласаң – анау адал жарыңды сыйла. Сенің де анаң бір кезде осындай жас 

келін боп түсіп, жанұшырып жүріп сені дүниеге келтірген. 

Ана  болғаннан  кейін  дана  болған.  Адамның  екінші  қымбаты–  арыңды 

қадірлесең – жарыңды қадірле, қарағым. Мына бүлдіршіндей Меңтайымды 

жарым  деп  қана  емес,  жаным  деп  қабылда,  қалқам.  –  Осы  арада  ана  бір 

тоқтап,  тыныс  алды  да,  сөзін  аяқтады.  -  Бұны  Жетісудың  бір  бейтаныс 

кемпірінің сөзі емес, өзіңнің туған шешеңнің өсиеті деп ұқ, балам! 

Осылай деп ана менің де маңдайымнан сүйді. Ананың сөздері менің де сай -

сүйегімді сырқыратты, Меңтай көзінен тағы да үнсіз жас сорғалады. Бұл тұста 

Майра да босады. 

Мұнысын білдірмеу үшін ол Меңтайды уата жүріп, оның бетін үнсіз аймалай 

берді. 


Жүрегім  елжірей  тұрып  мен  осынау  шүйкедей  кемпірдің  шешендігіне, 

даналығына  таң  қалдым.  Менің  Флобер,  Бальзак,  Тургенев,  Горький 

кітаптарын  айлар  бойы  ақтарып,  алтын  тапқандай  қуана  қойын  дәптеріме 

көшіріп алатын асыл сөздерімді бұл кісі бір ғана сәтте түйдек-түйдегімен төкті 

де салды. Осы үйдегі кешеден бері ең елемеген адамым да осы кісі еді. Кеше 

келгенде «Сәлеметсіз бе, апа» деп сәлем беріп, кетерде «Сау болыңыз, апа» 

деп  қоштасқаннан  басқа  жылы  ұшырап,  бір  ауыз  сөйлескемін  жоқ.  Менің 

есіл-дертім екі қызда, Меңтайда болды. Солар не айт десе, соны айтып, осы 

бөлмеде  патефондай  сайрадым  да  отырдым.  Олар  күлген  сайын  мен 

әңгімемді  соза  бердім.  Оларды  күлдіре  түскім,  қуанта  түскім  келді.  Сонда 

мәсісінің  ұшымен  басып,  есікті  сықырлатпай  ашып,  кіріп-шығып  жүрген  осы 

кісі  көлеңке  іспетті  ғана  боп  көрініп  еді  маған.  Кітап  қадірлегіш,  өткен 




405 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет