Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет403/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жамбасыма аударыла беремін. Кейде төмен домалап, үй үстіне қаулап өскен 

алабота,  көк  қурайды  сытырлата  сындырып,  аунай  кеп жөнелемін.  Төбедегі 

шөпті  ат  аунағандай  етіп  жапырамын  да,  одан  соң  қайтадан  орныма 

ораламын.  Біраздан  кейін  киімімді  шешіндім  де,  тек  трусишең  ғана  күйде 

қалдым.  Содан  соң  аюмен  алысқандай  боп  екі  иығымнан  демалып,  екі 

танауым делдеңдеп біраз шалқамнан жаттым. 

Сөйтіп,  жұрт  аяғы  басылып,  ел  ұйқыға  кеткенше  өз-өзімнен  аласұрумен 

болдым.  Әлден  уақытта  жолбарыстай  ырғып  орнымнан  тұрдым  да,  біреу 

көріп  қоятындай  еңкеңдеп,  бір  басып,  екі  басып  сатының  қасына  келдім. 

Беседка жаққа көз салып едім, қыздардың жайбарақат ұйықтап жатқандары 

аңғарылды.  Сатыдан  түсе  салып,  жүгіріп  қастарына  барсам,  Майра  басын 

бүркеп  алған  екен.  Қою  қара  шашы  ақ  жастыққа  шашылып,  шалқасынан 

жатқан  Меңтайды  көргенде  үстіне  құлап  түсе  жаздадым.  Буын-буыным 

қалтырап, тынысым тарыла түсіп, Меңтайды еңкейіп ернінен сүйдім. Ол  тез 

көзін  ашып  алды  да,  мені  қос  қолымен  бетімнен  сипап,  мойнымнан 

құшақтады. 

Мен дегбірім кетіп, оны тез орнынан тұрғызбақ болып, екі қолынан тарттым. 

Меңтай кеудесін көтеріп отырды да, Майра жаққа қарап, маған екі саусағын 

көрсетіп,  ерніне  басты.  Онысы:  «Ақырын,  Майра  оянып  кетеді»  дегені  деп 

ұқтым.  Мен  оған  саусағыммен  беседканы  нұсқап,  одан  соң  үйдің  үстін 

көрсеттім.  Оным:  «жүр,  үйдің  төбесіне  барып  жатайық»  дегенім  еді.  Ол 

орнынан  тұрып,  үндеместен  соңыма  ілесті.  Беседкадан  шыққаннан  кейін 

екеуміз  қол  ұстасып,  сатыға  қарай  жөнелдік.  Жұқа,  шолақ  ішкөйлегінен  екі 

тізесі  жарқ-жарқ  көрініп,  ақ  мәрмәрдай  мойын,  кеудесі  айға  шағылысып, 

қалың,  қою,  ұзын  қара  шашы  ту  сыртын  қара  мақпалдай  қымтаған 

Меңтайдың  сахнаға  шыққан  бишідей  аяғының  ұшынан  лыпып  басып 



409 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет