Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет424/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ішпесе екен деймін. Капитализмнің қалдығы дегеннің ең зұлымы – осы арақ. 

Біздің қоғамымыздың ішкі жауы да осы. Ендеше арақты құрту керек, өмірден 

аластау керек оны. 

Арақ  бар  жерде,  меніңше,  ешбір  мораль  заңы,  ол  қандай  асыл  сөздерден 

тізіліп,  алтын  әріппен  жазылса  да  жүзеге  аспайды,  Ербол.  Дүниеде  су,  сүт, 

шай,  қымыз,  лимонадқа  жететін  не  бар,  шіркін.  Адамды  желіктірмейтін 

момын сұйық осылардың өзі жақсы. 

«Момын  сұйық»  дегенім  кісі  сияқты  боп  кетті,  иә,  Ербол.  Бұл  –  бейнелеп 

сөйлеуді сенен үйренгенім болу керек. 

Сен менен не үйрендің? Ештеңе үйренген жоқ шығарсың деп ойлаймын. Ал 

мен сенен көп нәрсе үйрендім ғой, күнім. Кісіні алаламауды, адамды арына 

қарап құрметтеуді, өз ойыңды күмілжімей ашық айтуды, қайырымдылықты, 

басқаларға  болысқыштықты,  біреудің  ішіндегі  жан  ауруын  білдірмей  біліп 

ала  қоюды  –  осының  бәрін  сенен  үйрендім,  Ербол.  Нағыз  өмірдің  өзін  сен 

үйреттің маған! Сенсің менің мәңгілік ұстазым! 

 

* * * 


Біздің  палатада  бір  артистің  әйелі  жатыр.  Сен  білесің,  Ербол  ол  артисті, 

«Отеллода»  Яго  боп  ойнайды.  Әйелі  алтыншы  балаға  босаныпты. 

Босанғанына бір айдан асса да осында жатқан көрінеді. 

– Апай, мұнда неге жатырсыз үйге қайтпай? – деп сұрадым кеше одан. 

– Ой, шырағым-ай, тамағы жақсы, тыныш жерде жата беру керек қой, – деді 

ол.  –  Осында  оңалып  алған  жақсы.  Бұлар  бір  апта  өткен  соң-ақ  шығарамыз 

деп  қодыраңдай  береді.  Aл,  әдісін  тапсаң  –  шығара  алмайды.  Алғашында 



430 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет