Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет425/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«тымау  тиді,  басым  ауырады»  дедім.  Соңғы  бес  күн  бойына 

«температурамен» жатырмын. 

– Ыстығыңыз жоғары ма?– деппін одан аңқау басым. 

Әйел күлді. 

– Әңгіме сол ыстығымның жоқтығында ғой, – деді ол. – Ыстығымды өлшеуге 

термометр  бергенде  сестраның  көзін  ала  берiп,  жіңішке  жағын  одеялаға 

ысып-ысып жіберемін. Кейде – 37, кейде – 38 боп шыға келеді. Олар сенеді. 

Кейін сен де сөйт. 

Мен жағамды ұстадым. 

– Апай, алдағаныңыз дұрыс емес қой, – деп басымды шайқадым. 

Жо-жоқ.  Мен  ешқашанда  өйте  алмаймын,  Ербол.  Перзентханаға  келгелі 

тұтқынға түскендеймін мен. Осында "Өзіңсіз өткен үш күн (бүгін үшінші күн) 

үш жылдай боп көрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір күн де қалмаймын 

мұнда. Мені босана салысымен дәрігерден сұрап алып кет, Ербол. Жарай ма, 

қуатым, жарай ма? 

 

* * * 


Жұрт  күйеулеріне  еркелетіп  aт  қойып  жатады  ғой  осы:  Құрманғалиды  – 

Құрмаш, Уатайды – Уаш деп. Мен сені әлі бір peт еркелетіп атамаппын ғой, 

жаным. Бүгіннен бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің! 

Сенің  халық  қамын,  мемлекет  мүддесін  ойлайтын  үлкен  журналист 

болғаныңды  көрсем  деп  арман  етуші  едім  іштей.  Бағана  өзің  әкеп  берген 

газетте  басылған  «Жұмысшы  мүддесі»  деген  мақалаңды  оқып,  төбем  көкке 

жеткендей  боп  қалды  бүгін.  Редакторың  мақтаса,  мақтағандай  екен!  Бірақ 



431 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет