Махаббат— өмір өзегі.
9 сынып (33-34 сабақтар)
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып интерактивті тақтада жазылған өлең жолдарын бірлесіп оқиды.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы- мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін-
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр...» дегенде,
Тербелдің Махаббат-кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынаң бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Ойланайық, пікірлесейік
Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады?Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?
Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.
Көптеген адамдар бақытты махаббтпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес.Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро- эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үщін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.
Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезендерде де, барлық елдерде аз болмаған.
Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.
Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Шығармашылық жұмыс
(дәптерге орындалады)
«Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз.
(Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылып тұрады)
кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
кезең Ұқсас ұғымдарды іріктеу:
«Махаббат» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу.
кезең Қарсы ұғымдарды іріктеу:
«Махаббат» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу.
кезең. Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар:
Махаббаттың құндылығы неде?
Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
Адамға махаббат қаншалықты қажет?
Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?
кезең Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
Махаббатта кемшіліктер бола ма?
Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау:
7 – кезең. Қорытынды:
Өз көңіл –күйіңізді туралы айтып беріңіз
Назар аударыңыз.
Махаббат әр адамға тән. Адам мен жануардың айырмашылығы сонда. Сондықтан осы махаббат драмасында бәріміз де актерміз.
Яғни махаббат – бізге табиғат берген сый.
Өкінішке орай, қазір мұндай махаббат ұмытылған. Адам өз міндеттерін,өз рөлін ұмытып кетеді. Бұл драмада әркім өз рөлін жақсы ойнауы тиіс. Егер ойнай алмаса, өз беделін құрметін жоғалтады. Олай болса, әркім осы махаббатты көрсетуге тиіс.
Оқушылар үйден дайындап келген ананың балаға деген махаббаты,Отанға деген махаббат, екі жастың арасындағы махаббат туралы аңыз- әңгімелерің айтып ой бөліседі
Жаңа ақпарат.
Адами қасиеттер – өзін-өзі қинау, махаббат, мейірімділік, жомарттық, өзгенің жанын түсінушілік, ешкімге қорлық көрсетпеу.
Тәкаппарлық, қызғаншақтық, өз қамын ойлаушылық адамды алысқа
апармайды
Өткен оралмайды. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Бақытты болып жұртқа жақсылық жасаңыз. Қазіргі шақ туралы ойлаңыз.
Өткен мен болашақ туралы ойлау- уақыт жоғалту. Өткен өтті, ауыр сөзге кектенбеңіз. Мұның бәрін ұмытыңыз. Амандасқанда өзгеге тілер саулығыңыз шын жүректен шықсын. Сонда барлық әлем сіздің жаныңызда болады. Ал адам бойындағы мейірімділік, сағыныш, қамқорлық, сенім, сыйластық,қадірлеу т.б. көптеген асыл қасиеттер – махаббаттан бастау алады.
Әр адам өзінше ынтызар, өзінше ғашық. Әркім махаббатта өзінше бақытты, өзінше бақытсыз. Әр адам өзінше сүйеді. Сүйе біледі. Сүйікті бола біледі. Сондықтан сүйіспеншіліктің ең дұрысы, ең қолдау табатын- адамның жүрегін жанды күйінде ұстап тұратын сарқырама іспеттес махабат. Мұндай махаббат- сәулесі еш өшпейтін күн сияқты.
Дәптермен жұмыс.
Оқушы дәптерінде оқушыға арналып, « Мен бүгін» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады. Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіәне қалдыруға болады.
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі ой-пікірді мұғалім өзі оқиды, өлең жолдарын бір-бір жолдан оқушылар, соңғы жолын барлығы қосылып оқиды.
Махаббат шуағына бөлену- адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жұқатпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол – шуақты да шұғылалы,нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткісіз ғажайып сезім...
Махаббат – аппақ таң, ағарып атады,
Махаббат – нәзік гүл, үзбеңдер
Махаббат жүректің түбінде жатады,
Сүрінбей ерінбей іздеңдер.
Махаббат – тау суы мөп- мөлдір,
Талайлар аңсаумен шөлдейтін
Махаббат- алау от көгілдір,
Мәңгілік жалыны сөңбейтін.
Барлығы Қ.Қазыбековтың сөзіне жзылған М. Омаровтың «Алғашқы махаббат» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
(Сөзі интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Алғашқы махабабат.
Сөзін жазған Қ.Қазыбеков
Әнін жазған М.Омаров
1. Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді
Қалайша кешірем?
Қалайша кешірем?
Кешірім
Қайырмасы
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Қоштасқым келмейді
Қоштасқым келмейді
2. Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған
Кетуге қимаған
Қимаған
Қайырмасы
3.Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын
Үмітім үзілсе
Қайтіп мен жалғаймын
Қайтып мен жалғаймын
Жалғаймын
Достарыңызбен бөлісу: |