Дәрістің мазмұны: Атқарушы билік органдарының қызметі және жүйесі. Атқарушы билік органдарының түрлері. Орталық атқарушы органдар жүйесі. Жергілікті атқарушы органдар жүйесі. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесінің орталық органдар ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалауын қалыптастырады.Министрлік-мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік-саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетте-салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілерін лауазымды органға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік Комтетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік құқықтық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың қызметтері бірінші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды. Ал ведомстваларға тек орталық органдар ғана емес. Сондай-ақ департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады.