Махамбет атындаєы Батыс Ќазаќстан мемлекеттік


Тақырып: Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық



бет46/53
Дата10.10.2020
өлшемі0,58 Mb.
#64336
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Тақырып: Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық.

Дәрістің мазмұны: Жалпы құқық бұзушылық – бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі іс қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.

Қылмыс – бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс - әрекет.

Теріс қылық – қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз - әкімшілік құқық бұзушылық.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзігінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарынан алдын-ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе де оған немқұрлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшары ойласа, не тиісті назар салған және ескрген жағдайда оның алдын-алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады (30 бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келуі шарт. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар ескеріледі. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін.

Бір адам екі немесе оданда көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, ол адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі – 30 тәуліктен, ал төтенше жағдай режимнің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауға тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар:


  1. кінәлі адамның шын өкінуі;

  2. кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залады өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;

  3. әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары залалдарынан жасау;

  4. әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

  5. әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

  6. әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;

  7. әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:

тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру;

бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;

кінәлі адамның біле тұра психикалық аурумен ауыратын адамды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ, басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері

Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:

а) азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу;

б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу;

в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;

г) еңбек туралы заңдарды бұзу;

д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдарды бұзу;

е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;

ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару;

з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.

Мысалы, азаматррадың тіл таңдау құқықтарын шектеу, тілге бауланысты себептер бойынша кемсіту – лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



14 апта

14 дәріс (1 сағат)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет