Нүсіпжанов Нұрғали (05.01.1937) - әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгей теріскейін мекендеген.
Нұрғали Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды.
Жапан даланы жаңғырта ән салған аққұба бала....
Кеңес заманындағы көпұраншылдықтың арқасында Матай тауы бөктеріндегі Доланалысынан шопандыққа жолдама алған Нұрғали Нүсіпжанов көкіректегі өнерін тұншықтырып, қоржынындағы том-том кітаптармен сырласқан. Ат жалында жүріп қазақ қаламгерлерін азық еткен, білім жиған.
Қазақтың тәнінен қан сорғалатқан 1936 жылы өмірге келген Нұрғалидың балалық шағы да тым ауыр. Азаматын майданға аттандырып егілген келіншектер... қаралы қағаз алып аңыраған жесірлер... «Көкемді менің көрдің бе соғыстан қайтқан солдаттар» деп қол-аяқсыз мүгедек болып оралған әр жауынгерге жаутаңдаған қарадомалақтар. Нәзік жүректі Нұрғалиға мұның бәрі аса азапты көрініс еді. Ол мектеп табалдырығын фашист талқандалғаннан кейін ғана аттады. Көкіректі Жоқтау зарынан тазартар Жеңіс жырларын талмай айтқан балалардың бірі осы Нұрғали еді.
19 жасқа келген Нұрғалиды ән өнерін кәсіби, жан-жақты білім алу мақсаты алға тартты. Ол 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Ұстазға Нұрғалидың кең тынысты, сазды дауысы ұнады.Нұрғали консерваторияны бітірген соң Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Осы кезде Нұрғали Қазақстанның кейбір аймақтарында концерттер бере бастаған. Мұнда ол екі жылдай әншілік қызмет атқарды. Ол жеке әнші болуды аңсады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетіне әкелді. Бұл ұжымда Нұрғали музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы ұжымда Нұрғали Нүсіпжанов (1966 – 1976) он жыл қызмет етті. Қызмет бабы Нұрғалиға әншілікті кең атқаруға бағыштады, ол концерттерге тікелей қатысуды қалады. Оның бұл талабы 1976 жылы орындалды.
Нұрғали Нүсіпжанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, ол әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. Нұрғиса Тілендиев Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан.
Әнші Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты. Енді Нұрғали жастарды таңдауға, ансамбльге тартуға белін бекем буып кірісті. Әрі қарай ансамбль еліміздің түпкір-түпкіріде концерттер бере бастады. Алжирде де өнерлерін көрсетіп, сол елдегі Кеңес елшілігі қабылдауында болған-ды, сонда, ұжым Құрмет мақтау қағазымен марапатталды.
Жанұя, туған-туыстары Нұрекеңнің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өз елім» (мақалалар, сұхбаттар жинағы) кітабын жарыққа шығарды. Қазақ халқының толағай көңіл ықыласымен сүйетін әншісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл күндері қазақ халқына аянбай, барлық табиғат берген дарынын арнауда. Оның алдағы жылдары сүйсіндірер шығармашылығы үдей түсер.
Нұрғали Нүсіпжанұлы - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның жеке әншісі.
Содан кейінгі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрінде 20 жыл жетекші әнші ретінде қызмет атқарып «Қазақконцерт» жанынан «Жазира» аспаптық ансамблін ашып 10 жыл еңбек етті. Көптеген жастар осы ансамблден тәрбие алып шықты. Олардың әншілік таланты халыққа кең танылды.
Үшкіршілік, заман легіне сай дыбыс жазу техникасының арқасында қаншама әндер таспаға жазылып, ән табақ пен кассетаға, дискілерге түсіріліп, келешекке ұмытылмас естелік, тарихи тәбәрік болып қалуда.
Кезінде, қазақ музыка өнерінің шаңырағын көтеріп, өнерімізді әлемдік деңгейге көтерген Кенен Әзірбаев, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Асқар Тоқпанов сияқты көптеген ардагер аталарымыздың көзін көріп, таусылмас тағлым алған азамат.
Содан кейінгі екінші бір өнер керуенінің майталман дүлдүлдері Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин, Нұрғиса Тілендиев, Мәмбет Бестібаев, Еркеғали Рахмадиев, Фуат Мансуров, Тұрғыт Оспанов, Кенжебек Күмісбеков, Мәлғатдар Әубәкіров сияқты ағаларымен араласып, бірге жүріп үйренді, өмірлік сабақ алды, мол тәжірибе жинақтады, өнер сапарларында үзеңгілес болып бірге жүрді.
Қазақ радиосында, тұңғыш ашылған қазақ телевизиясындағы қызмет атқарған жылдары жас әншінің шырқау шағы. Бұл үгіт – нәсихат мекемесі әнші үшін үлкен өмір тану, өнер әлемінің сыр сандығын терең ашқан парасат академиясы болды.
Күндіз – түні шаршауды білмей қызмет істейтін жас мамандардаң қатарында жүріп 20 жыл бойы бір рет те қызмет демалысын пайдаланбай курортқа немесе басқаша бір жайма шуақ жағдайда емін – еркін демалмастан еңбек етті. Негізгі атқарар шаруа редакцияның эфирге шығатын бағдарламасын дайындау болғандықтан күнделікті, сахнаға шығып ән айтуға немесе дайындық жасауға уақыт келе бермейтін. Сол себептен жыл сайын жазғы демалыста филармониялық үлкен оркестрлер мен солардың концерттік топтарымен гастроліне шығып кететін. Сөйтіп жүріп ел танып, жер көрді. Байтақ елінің барлық аудандарын аралап, өз Қазақстанын өз көзімен көрді. Совет Одағын тегіс аралап шықты. Қазақстан өнер қайраткерлері сапында, одақтас республикалардың өнер шеберлерімен бірге жер шарының барлық материктерінің топырағын басып, мұхиттарына шомылды.
Бұның бәрі жәй мақтау үшін емес, әншінің өнерін байытуға, орындайтын әндерінің ауқымын кеңейтіп, мазмұнын тереңдетуге пайдасы өте мол болды, саясатқа көзі ашылды, санасын шыңдады, өзінің өнердегі орнын сараптауға өмірдегі арман – мақсатын айқындауға мүмкіндік берді.
Нұрғали әнші ретінде бахытты жан деп есептейміз. Себебі, өткен ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің жоғарғы қарқынмен дамыған 60-70 жылдарда, ән жанрында тамаша дарын – таланттарымен жарқырап шыққан, өз творчестволарымен күллі қазақ әндерінің жоғары деңгейінде қалыптасып өркендеп өсуіне тікелей зор ықпал еткен Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сияқты жұлдыздар, алғаш шығарған әндерін Нұрғалиға арнап, соның даусына ылайықтап жазды. Ол солардың әрқайсысының қалаулы жеке орындаушысы болып жүрді. Осы авторлардың көп жаңа әндері бірінші рет Нұрғалидың орындауында қабылданып, соның орындауында сахнаға шықты. Соның арқасында халық қошаметіне ерекше бөленді, және сондай жауапкершілікті өзі де түсініп жүрді. Сол кездердегі жаңа стильдегі қазақ әндерінің тұңғыш орындау мәнерлері мен ұлттық нақыштары қалыптасты. Өзімізге тән дәстүрлі ән орындау үрдістері халықтың құлағына сіңіп, қазақ әнінің жанрлық формасы дараланып ұлттық сипат алуына Нұрғалидың өнері де айтарлықтай үлес қосты.
Әрине, бұл кезеңде қазақ сахнасында үздік әншілік дарындарымен жарқырап шыққан Жамал, Роза, Бибігүл, Рәбиға сияқты апайларымыз бен қатар Байғали, Мүслім, Ришат, Суат сияқты ағаларымыздың да ән әлеміндегі еңбектері орасан зор болды. Сондай-ақ Нұрғали, Зейнеп Қойшыбаева, Бахыт Әшімова, Ескендір Хасанғалиев, Гүлвира Разиева, Венера Қармысова, Лаки Кесоглу сияқты көптеген замандастарымен жарқырап қазақ эстрадасының сахнасына шықты. Міне, содан бері 50 жылдан аса сахна жұлдызына айналды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген облыс орталықтарындағы ұлт – аспаптар оркестрлерінің, ұлттық ансамбльдерін құруға үздіксіз атсалысып, көмектесіп келеді.
Бұл күндері Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармонияда әншілік қызметі шабытты жалғасуда.
Өткен ғасырдың ұлы композиторы, музыканты Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестріне шығармашылық көмегін көрсетіп келеді.
Нұрғали Нүсіпжанұлы «Отырар сазы» оркестрінің кітапхана қорына 100-ден аса ән шығармаларын өз қаражатына (пенсиясына) оркестрлік партитураларға түсіріп оркестр кітапханасына тапсыруда. Олардың ішінде Нұрғиса ағамыздың көзі тірі кезінде оркестрге өзі түсіріп үлгермеген біраз әндері де баршылық. Мұндай парасатты бастаманы әншінің ұлы композиторға деген Азаматтық Махаббаты деп түсінгеніміз абзал.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжан әр жылдары өнер сапарымен Швеция, Финляндия, Монғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Греция, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша және Қытай елдерінде болып, жемісті концерттер беріп, қазақтың музыка өнерін жан – жақты насихаттап кайтты.
Нұрғали Нүсіпжан шексіз творчестволық өмірінің тағы бір бағыты ол – ауыл мәдениеті, ауыл өмірі. Халықтық дәстүріміздің сарқылмас бастауы, туған жердің болашағына деген перзенттік борышын ақтасам дейді.
Туған ауылында Ата – Бабаларына бағыштап бақ отырғызу ісіне де кірісіп жатыр. 10 гектар көлеміндегі алқапта орналасқан «ауыл бағында» әлемде өсетін түрлі ағаш түрлерінің 40 – 50 мыңдай көшеттерін отырғызсам деп армандайды. Бастаған ісіне Алламыз жар болсын!
Әншіде Егеменді елдің музыка мәдениетінің дербес болашағына деген ой – жоспары жетерлік. Алла қаласа, бұл игі істері Жамбыл атындағы Қазақ Мемлкеттік филармониясының алдағы атқарар тіршілігімен бірге атқарылады деген үміті бар. Халқымен бірге көрер жақсы күндері көп бола бергей.
Соңғы жылдары ел азаматтары атап өткен өнер сахнасындағы 50 – жылдық мерейлі мерзім аралығында тындырылған істеріне есеп беретіншақта, осы өткен өнер жолында да шолу жасауына тура келіп отыр.
Осы күндері де құдайға шүкір, сахнаға жаңа әндермен шығуда. Нұрғалиға арнап ән жазатын авторлары азайған жоқ. Керісінше, музыканы кәсіп етпейтін, бірақ өнерді жанындай сүйетін өнерпаз азаматтар да ел ішінде көптеп саналады. Шығармаларына сараптама жасатып ой – пікірін білуге құмар жас авторлары баршылық.
Қазақ радиосының алтын қорында жинақталған әндерін сұрыптап көргенімізде бүгінге дейін 120-дан асатын автор – композиторлардың әндерін елге насихаттап, орындап, жарыққа шығарып үлгеріпті. Ал, күнделікті эфирден беріліп, радиотыңдаушыларына жарты ғасыр бойы еңбек етіп келе жатқан қазақ радиосының «алтын қорындағы» әндері бүгіндері 400-ге жақындап қалыпты.
Бір қызығы, осы уақытқа дейін, осынша көп дүниеден елге таратып сату үшін бірде – бір әнді дүкен сөрелеріне шығармапты. Бас – аяғы 20 компакт дискіден асып кететін әндері болашақта қазақ әндерінің жинақ антологиясы түрінде арнайы жүйемен жарыққа шығару ойымызда.
Өнер жолын Абай атындағы опера және балет театрынан бастаған әнші, 60-шы жылдары қазақ радиосы мен Қазақстан телеарналарында да қызмет етті. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінде, Жамбыл атындағы мемлекеттік филормонияның әншісі атанған өнер иесінің сахнада жүргеніне жарты ғасырдан асыпты. Оның халық арасына кең таралған 100 ден астам әні бар. Әншінің нақышына келтіре орындаған Өз елім, Саржайлау әндерін көпшілік әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды.
Заман өзгеріп әртістер арасында фонограммамен айту тәсілі жаппай үрдіс алған кезде Нұрғали Нұсіпжанов табиғи дауысымен көрерменнің көңілінен шықты. Халыққа бергенімнен берерім көп деп санайтын әнші әлі де болса жаңа шығармаларды өмірге әкелмек.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы күллі қазақ даласын әнмен әлдилеп келе жатқан Нұрғали Нүсіпжанов – өнер тарихына аты алтын әріппен жазылуы тиіс тұлға. Өнері де, өзі де өмірдің қазанында қайнай отырып шыңдалып, лайықты биігіне маңдай терімен көтерілген ол табиғи таланттылықтың шынайы үлгісі іспетті.
Асқақ Алатаудың майда қоңыр самалындай ерекше үнімен тыңдарман жанын баураған бірегей әнші сонау алпысыншы жылдардан берi қарай А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Б.Жұманиязов, Ә.Бейсеуов сияқты жүзден астам композитордың ән-романстарын шарықтатып, 30-дан астам шетелдерде ұлтымыздың өнерін насихаттады. Сондай-ақ Нұрғали аға репертуарында халық әндерімен қатар, орыс, украин, ауған, моңғол, шведтiң халық әндерi бар. Өнер жолын Абай атындағы опера және балет театрынан бастап, 60-жылдары Қазақ радиосы мен «Қазақстан» телеарнасында, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде қызмет етті, бүгінде Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда әнші. Қарапайым адамның әдеттегі еңбек жолы демесең, басқа жағынан алғанда, Нұрғали Нүсіпжановты өзге әншілермен ұқсастыра алмайсың.
Таным-білімі, талғамы, таланты мүлде бөлек. Ең бастысы, оның дауысына қазақ даласының табиғи реңі тән. Бәлкім, содан да халқымыздың Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев сынды үш бірдей маңдайалды композиторы Нұрғалимен жұмыс істеді, ең мықты деген әндерін соған арнап жазды. Бұл тұрғыдан алғанда, өзін ерекше бақытты санайтын әнші, «ағаларыма қарыздармын» деген жүрекжарды сезімін ешқашан жасырған емес. Және олардың арасындағы өнердегі шын түсіністік әрдайым өмірдегі сыйластыққа ұласып отырған. Ұлы композиторлардың Нұрғали Нүсіпжановты ерекше жақсы көруінің тағы бір сыры – әншінің өркөкіректіктен ада қарапайым қалпы мен адами тазалығында болса керек. Ал Нұрғалидың өзі сол асыл ағаларына деген сағынышын сездіре келе: «Ондай азаматтар жүз жылда бір рет туылады. Ол заман, шын мәнiнде, өнердi құрметтеген, пiр тұтқан заман болды. Соған орай, ардагер ағаларымыз да жанын сала еңбек етті. Солардың бойындағы құдіретті, өнерге деген құштарлық пен ғашықтықты көргеніміз үшін де біз бақыттымыз», – деп ағынан жарылады.
Бұл – бүгінге топырақ шашып, өткенді аңсау емес, бірақ шынымен де ескінің адамдарына ерекше бір бекзаттық, өнерге деген мінсіз, мүлтіксіз адалдық тән еді. Мысалы, осы Нұрғали Нүсіпжанов... Сол уақытта биліктің тізгінін ұстап тұрған Димаш Ахметұлымен ағалы-інідей жақсы қарым-қатынаста болған. Құрманғазы оркестрі партия ұйымының хатшысы бола жүріп, қызмет бабымен әлденеше рет алдына барған. Бірақ соны пайдаланып бірде-бір рет жеке бұйымтайын айтып көрмеген. Соны ұмытпаған Димаш ағасы кейіннен, арада талай жыл өткенде: «Мен қызметте жүргенде, қабылдауыма талай келдің. Алайда бірде-бір рет жағдайыңды айтқан емессің», – деп, соның мәнісін сұрапты. Сонда әнші: «Сіз мемлекетті басқардыңыз. Бүкіл елдің жағдайын ойладыңыз. Майда-шүйде жұмыспен сізді алаңдатқым келмеді. Менің жағдайымды ойлауға өзіңіз сайлаған өзге де әкімқаралар бар ғой дедім», – депті. Сонда Димаш ағасы: «Сол жылдарда әртүрлі шаруамен менің алдыма талай адам келді. Және олары дұрыс та. Біз билікте отырғаннан кейін осы елдегі әрбір адамның жағдайын жасауға тиіспіз. Қай кезде де ер-азаматтың бір мезет бала-шағаның жағдайын ойластыра жүргені әбестік емес», – деген уәж айтыпты. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген осы.
Қалай болғанда да, адам өз таным-түсінігінен танбайды. Осы орайда, Нұрғали ағаның «Халық әртісімін!» деп кеуде керуіне, талай есікті теуіп кіріп, өз дәрежесіне сай құрмет-қошемет талап етуге қақысы бар болатын. Бірақ сол баяғы кісілік пен кішілік, тектілік оған жіберген жоқ. Сөйтіп, бүгінде адамның қадір-қасиеті материалдық байлықпен өлшенуге көшкеніне қарамастан, Нұрғали аға ешқашан қытымыр заманның ауанына жығылып көрген емес. Басқаша жағдайда, мүмкін, ай сайын, жыл сайын үлкен сарайларда концерт беріп, Алматы мен Астанадан қос-қостан үй алып, көлік алмастырып, телеарналардан, баспасөз бетінен күн сайын жарнамаланып жатар ма еді, кім білсін?.. Бірақ тумысынан дархан мінезді, барға тасымайтын, жоққа жасымайтын дара дарын иесі қарапайым қалпынан еш танбаған күйі келеді. Озық өнері, қайталанбас таланты өз алдына, ел-жұрты Нұрғалиын осы қасиеті үшін де шын сүйеді, құрметтейді.
Өнер әлемі өзінше бір әлем. Оның тасты соқпақтарымен құмды далалары талайды жолынан тайдырып, талайдың бағына байлана білді. Бұл әлем сонысымен де қызықты, сонысымен де қиын...
Осындай тасты соқпақтарының таяғын талай жесе де, тура жолдан таймай, шалқар теңіздей шабытын шарықтата түскен Нұрғали Нүсіпжанов қазіргі таңда ән өнерінің жарық жұлдызы. Асқақ Алатаудың майда қоңыр самалындай ешкімге ұқсамайтын ерекше дауыс ырғағы арқылы қазақ даласын әнімен әлдилеп келе жатқан Нұрғали ағамыз жер жәннәті Жетісу жерінде, Алтынемел бауырындағы Доланалы елінде дүние есігін 1937 жылы 5-қаңтарда ашқан. Бар өмірі осы күннен басталған сахна сардарының басты ерекшелігі – көптің бірі іспеттес өмір қазанында қайнап, маңдайтерімен діттеген мақсатына жете білуінде. Өз тыңдармандарын «Құстар әнімен» қалықтатып «Өз елім» деп өзегін өртеп, «Теріскеймен» жүректерін тебірентсе, «Саржайлаумен» егеменді елдің ұшса құс қанаты, шапса ат тұяғы талатын еркін даласын табиғи даусымен әрлей білді.
Жарты ғасырға жуық қазақтың сахнасында Алатаудың самалындай әдемі дауысымен жұртты сусындатып келе жатқан әнші осы уақытқа дейін А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Б.Жұманиязов, Ә.Бейсеуов және ел ішінен шыққан авторларды қосқанда 100-ге тарта сазгердің ән-романстарын шартарапқа шарықтатып, 30-дан астам шет елдерде ұлтымыздың өнерін насихаттапты.
Нұрекең өнер жолында Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сынды қазақтың үш бірдей керемет сазгерімен жұмыс істеді. Орындауындағы әндердің көпшілігі осы композиторлардың дүниесі. Мұның бәрін ол кісі жүйелеп, тізімдеп, текшелеп жинастырыпты. Ақиқатын айту керек, мұндай құнды дүние әншілердің ішінде Нүсіпжановта ғана бар десек болады. Радионың “Алтын қорында” да әншінің 90-нан астам авторы, 350-ден астам іріктелген әндері жинақталып тұр.
Нұрғиса Тілендиевтің ең алғашқы әндерін Нұрғали Нүсіпжанов орындады. Ол кісі әндерінің көбін Нұрекеңнің дауысына арнап жазды. Тілендиевтің “Алатау”, “Саржайлау”, “Сөнбейді, әже, шырағың”, “Дариға, домбырамды берші маған” әндерін алғаш орындаған да Нүсіпжанов. Әсет Бейсеуовтің де, Шәмші Қалдаяқовтың да ең алғашқы әндерінің тұсауын кескен Нұрғали ағамыз.
Нұрғали Нүсіпжанов 75-те
Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 75-ке толды. Өнер жолын Абай атындағы опера және балет театрынан бастаған әнші, 60-шы жылдары қазақ радиосы мен Қазақстан телеарналарында да қызмет етті. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінде, Жамбыл атындағы мемлекеттік филормонияның әншісі атанған өнер иесінің сахнада жүргеніне жарты ғасырдан асыпты. Оның халық арасына кең таралған 100 ден астам әні бар. Әншінің нақышына келтіре орындаған Өз елім, Саржайлау әндерін көпшілік әлі күнге дейін сүйіп тыңдайды.
Заман өзгеріп әртістер арасында фонограммамен айту тәсілі жаппай үрдіс алған кезде Нұрғали Нұсіпжанов табиғи дауысымен көрерменнің көңілінен шықты. Халыққа бергенімнен берерім көп деп санайтын әнші әлі де болса жаңа шығармаларды өмірге әкелмек.
Этикалық тәртіп, нағыз советтік идеологиялық қатаң ұстанымның өрілген ортасы сол қазақ радиосы болды. Себебі, радиода өнеріміздегі өрелі, беделі жоғары тұлғаларымызды іріктеп әндерін беретін. Және мына өмірде болып жатқан құбылыстардың үлгі боларлық дүниесін сұрыптап эфирге шығарып отыратын. Ал музыкалық жағынан келер болсақ, біздің радиода сол кезде көркемдік кеңес құрылған болатын. Ол кеңесте бірнеше мүшелер бар. Сол кісілер тыңдап, өз бағасын бермейінше бірде-бір ән немесе күй эфирге берілмейтін. Әрине бұл жерде партия тарапынан идеология болмады десек қате пікір болар. Дегенмен, шығарманың көркемдік жағына баса көңіл бөлінді. Халықтың жүрегіне жетеді-ау деген көркем де жақсы жазылған шығармалардың 99 пайызы әуе толқынынан тыңдайтын құлаққа жетіп отырды. Сол көркемдік талғам қазіргі егеменді елге керек нәрсе. Неге десеңіз, біз қазір қандай дүниелерден үлгі алып, қандай құндылықтарды жоғары қоюымыз керек екенін жіті зерттеп біліп алғанымыз абзал. Соның жақсы-жаманы қайда? Осыған мұқият болуымыз керек еді. Бұл жағы әзірше елдің өз қалауына беріліп қойды. Миллиондаған тыңдарманның өз пікірі жеке ойы бар ғой...
Табиғатты бейнелеуге құштар. Айналамыздағы жасыл әлем, адамдардың сұлулығы секілді бірін-бірі толықтырып отырады ғой. Осындай шексіз сұлу табиғат маған бір құпия болып көрінеді. Сол құпиясын әлі күнге дейін әнмен әрлегенім аз болып, қылқалам сиясына сыйдыра алмай келеді.
Қорыта айтқанда бүгінде Нұрғали ағамыз Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормонияның жеке әншісі. Ол бағындырмаған белес, аспаған асу жоқ шығар, сірә? Алайда Нұрғали ағамыздың бойынан қазаққа тән қарапайымдылық лебі еседі. Нұрекең осыдан біраз жыл бұрын туған жері Талдықорған облысы Кербұлақ ауданының Доланалы ауылынан 10 гектар жер алған екен. Оның орнында басқа адам болса, елге сіңірген еңбегін міндетсініп, қара басына пайдаланар еді. Жердің құны көкке шарықтағанда сатып, пайдасын көрер еді. Нұрғали ағамыз елім-жерім көгерсін, көктесін деп, сол жерге өз қаржысына бақ орнатты. Қазір бұл ауылда “Нұрғали Нүсіпжановтың бағы” жыл өткен сайын құлпырып, жапырағын жайып келеді. Бақтың алғашқы жемістерін жерлестері мен жақындары жеп жатыр. “Артыңда мал қалғанша – тал қалсын” деген емес пе, Жетісудың азаматы елге осылай өнеге көрсетті.
Иә, өнер айдынында өзіндік келбетін сақтап келе жатқан аяулы азамат қолынан келген осындай тірліктерін үндемей атқарып жатыр. Бәріміз туған жерімізді қаншама қастерлесек те, бұл кісінің ауылына деген махаббаты мен құрметі ерекше көрінеді де тұрады.
Қазақ жұрты ғана емес түркі тілдес алыс-жақын шет елдердің де халықтары ерекше құрмет тұтатын Нұрғали ағамыздың “Ардақтылар” сайтында алар орны айрықша. Н.Нүсіпжанов ХХ ғасырдың екінші жартысы-ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ өнерінің жез таңдай көрнекті өкілі бола отырып, тарихта мәңгі өшпестей із қалдырар тұлға десек артық айтқандық емес.
Еліміздің ән өнері Нұрғалимен нұрлы...
Мазмұны
Кіріспе ...................................................................................................
Оқушыларға ән өнері арқылы
эстетикалық тәрбие беру.........................................................................
Ән өнеріне баулу- оқушыларды рухани
жетілдірудің ерекше бөлігі ...................................................................
Н. Нүсіпжановтың шығармашылығы
арқылы оқушылардың жан- дүниесін дамыту...................................
Қорытынды ............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР. «Білім туралы заңы»
2. ҚР.Білімді беруді дамытудың 2011-2020 ж арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
3. С.Ұзақбаева «Халықтық педагогикдағы эстетикалық тәрбие.»
Алматы 1993
4. С.Әбенбаев «Эстетикалық мәдениет негіздері» Алматы -2005
5. Бетлугина. «Музыкалық тәрбие беру методикасы.» Алматы «мектеп
баспасы»
6. «Музыкалық тәрбие беру методикасы»
7. Музыка әлемінде 2006 ж
Достарыңызбен бөлісу: |