Махамбет Өтемісов атындағы



бет3/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#11853
1   2   3   4

14 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»

Практикалық сабақ мазмұны: Дыбыс шығару жолдарын қарастыру.

Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр-түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар, ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. Ысқыш қылы ішекке мүмкіндігінше толықтай жабысып жүргізілуі керек, шығарманың мазмұнына сай ерекше дыбыс алу үшін ысқышты ішекке қатты баспай сәл көтеріңкірек жүргізу керек. Ысқыш ішектің қай нүктесінде жүретін болса, оған дыбыс саздығы тікелей байланысты: тиекке жақын болса ашық, өткір дыбыс, ал аспаптың мойынына қарай - жұмсақтау және бәсеңдеу дыбыс шығады.

Ысқышты төмен жүргізген кезінде ысқыштың басынан ұшына дейін, шынтақ сәл артқа кетеді, ал ысқышты жоғары жүргізгенде шынтақ буынның алдынан тиекке қарай жүреді. Шынтақты өте көтеруге де, өте түсіруге де болмайды. "Ми" ішегінде оң қол шынтағы ең жоғары нүктеге шығады; төменгі ішектерге ауысқанда шынтақ біртіндеп төмендейді де "соль" ішегінде ең төменгі нүктеге жетеді. Оң қол шынтағы сияқты буынның да қозғалысы өзгереді. Ысқыш төмен қозғалғанда (П) оң қол саусақтары біртіндеп түзуленеді де, ысқыштың ұшына қарай буын сәл-пәл иіледі, сондай-ақ шынтақ буындары толық ашылады. Ысқыштың тұтқасында оң қол буындары сәл бүгіледі. Осыған сәйкес ысқыш қозғалысына байланысты ысқыштың тұтқасынан ұшына дейін буындар бірқалыпты өзгеріп отырады. Дыбыс тегіс шығу үшін қозғалыс ешқандай аяқасты және күтпеген қимылдар жасамау керек. Тұтқада ысқышты ауыстырар кезде таяқшаны кішкене айналдыру қажет, өйткені ысқыштың бұл ауысуы естілмегені жөн. "Ми" ішегінде ысқышты "ля" ішегіне жақын апару керек, ал "соль" ішегінде "ре" ішегіне жақындатқан жөн. Бұлай ету жұмсақ дыбыс шығару үшін қажет.

Әдемі дыбыс алу өнері музыканттың көп жылдық еңбегі арқасында қалыптасады және музыкалық есту қабілетінің, шеберлік ширақтығының, аспаптан дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгерудің, сондай-ақ оқушының аспапқа икемделе білу қасиеті - сапалы дыбыс шығару үшін талап етіледі.



Әдебиет:

  1. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  2. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 3 бет.

  4. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.


ОЖСӨЖ мазмұны: Жаяу Мұса «Ақ сиса».

Нақты әрі асқақ «Ақ сиса» пьесасы тез, синкопты қатыстыра маркатоның қадалған үздік штрихымен ойналады.

Сиса – сатушының жарнама әні. «Ақ, қызыл сиса...». Оған қоса ол неліктен Жаяу Мұса аталғанын, яғни атын тартып алғаннан кейін осылай аталғанын әнге қосады.

Әдебиет:



  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.


15 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: С.Еркімбеков «Отан таңы»

Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманы әсем де, сазды ойнау үшін ең алдымен таза ойнау үшін интонациямен жұмыс жасау.

Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады.

Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:

Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін


ішкі музыкалық-тыңдаушылық түйсікпен түсіну;

Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз


ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру);

Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын


дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.

Музыкалық — тындау дағдылары ән айту — сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Сондықтан алғашқы пәндерде-ақ аспапта қарапайым мелодиялық тізбекті интонациялауды сольфеджиомен кезектестіріп отыру қажет. Нәтижесінде тындаушылық бақылау қабілеті дамиды және оқушы ән дыбысы мен қобызда орындалған дыбыс интонациясын салыстыруға мүмкіндік алады. Оқушының ладтық негізді терең түсінуі интонация тазалығы үшін үлкен мәнге ие.

Оқушыны дыбысты тындауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп, күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Оқушының жеткілікті дамымаған музыкалық тыңдау қабілеті, оның таза интонация мен қанағаттандырарлық дыбыс алуда назарын екі есе бөлуге әкеледі, ал ол оқушы үшін қиынға түсуі мүмкін. Қол қозғалысының үйлесімділігін, оларды қалай қою керектігін, сол қол және саусақ қозғалысының түрлерін, қозғалыс әдемілігін, жеңілдігін білмейтін оқушы тез арада оңды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Дыбысты түсінетін және ең құрығанда қарапайым саусақ "жеңілдігін", қобыз мойнын ұстап үйренген және қате дыбысты тез қанағаттанарлық деңгейде түзете алған жағдайда интонацияны тереңдете үйреткен абзал.

Әдебиет:


  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г. – 11 стр.

  2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 3 бет.

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі:

1.Б Қосбасаров. «Қобыз өнері» Алматы, «Санат» 2001ж.-220 б.

2.А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

3.Б.Дәлденбаев «Күй толғауы» (қолжазба)

4. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

5.Ғ.Шілдебаева-Оразалиева. «Қаракемер», хрестоматия, Алматы, «Айкос», 1999ж.

6. Ғ.Молдакәрімова. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, «Жазушы», 2004ж.

7. Ф.Балғаева. «Қобызға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер, 1980ж.

8. Ғ.Шілдебаева. «Ғасырлармен үндескен қобыз» .Астана, 2006ж.

9. «Хрестоматия для скрипки», Москва, «Мосгосиздат», 1973г.

10. «Скрипкаға арналған этюдтер» жинағы. «Госиздат», Москва, 1981 ж.

11.А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқаков, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1991 ж.

12.Д.Тезекбаев. «Төрт шекті қобызға қобызға арналған пьесалар», \Алматы, 1977 ж.

13.Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

14.К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

15.З.Бейсембаева. «Қобызға арналған пьесалар», Алматы, «Өлке», 1997 ж.

16.Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

17.В.Якубовская. «Начельный курс игры на скрипке», Москва,1986 г.

18.Ред.М.Курдюмова. «Пьесы для скрипки», Москва,1981 г.

19.М.Каленбаева. «Қобызға арналған күйлер», Алтаты, «Таймас», 2003 ж.

20.Г.Григорян. «Начальная школа игры на скрипке», Москва, 1961 г.

21.Р.Мусаходжаева. «Қобызға арналған шығармалар», Алматы, «Дайк-Пресс», 2002 ж.

22. Ғ.Оразалиева-Шілдебаева. «Боташым», Алматы, «Айкос», 1998 ж.

23.Сост. М.Гарлицкий, К.Родионов, К.Фортунатов. «Избранные этюды», Москва, 1982 г.

24.Н.Патрушева. «Пьесы для скрипки», Алматы, «Білім», 1980 г.

25. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Дәріс

Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы.

А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976

Кожамкулова. «Қобызға арналған хрестоматия» - А., 2003.







3 балл

Жатқа ойнау

2

Семинарлық сабақ

Музыкалық тындау дағдылары

Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрету әдістері» - А., 1967.

Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.







3 балл

Нотаға қарап ойнау

3

Коллоквиум

Портаменто легато мен стакккатоның арасындағы аралық штрих.

Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

Ғ.Молдакәрімова. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, «Жазушы», 2004ж.







3 балл

Ауызша сұрау

4

P1+P2




«Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.

Ғ.Молдакәрімова. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, «Жазушы», 2004ж.






30+30

Нотаға қарап ойнау

5

Емтихан










40

билет

6

Барлығы










100






4.Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Вокал және аспаптық өнер» тьютор Шакенова Ағипа Наурызбаевна

Пән Мамандыққа кіріспе

Кредит саны – 1




Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы %

Электрон.

түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Қ.Ахмедияров «Сарыарқа»-А.,1994

10




100 %




оқытушыда

2

Қ.Ахмедияров-Жігер-1996

10




100 %







3

У.Бекенов «Күй табиғаты»-А.,1981













оқытушыда

4

А.Жайымов,Б.ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»-А.,1992

30




100 %




оқытушыда

5

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»-А.,1975

10




100 %







6

А.Жұбанов «ән-күй сапары»-А.,1975

6




100 %







7

Қ.Ахмедияров «Күйші Қали»-А.,2002

2




100 %







8

Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»-А.,1972







100 %







9

К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты»-А.,2002

10




100 %







10

К.Сахарбаева «Домбыраға арналған хрестоматия»-А.,2003

15




100 %




оқытушыда

11

Е.Үсенов-Шәмші Дастан-1998

1




100 %







12

Б.Ысқақов «Салтанат»-1997

1




100 %




оқытушыда

13

А.Жайымов «Шалқыма» 1997

1




100 %








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет