Махмет Бекзат «Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»


Сагимбекова Меруерт Мейрхановна



бет2/4
Дата01.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#22492
1   2   3   4

Сагимбекова Меруерт Мейрхановна

Бірінші санатты, үшінші деңгейлі сертификатталған қазақ тілі



мен әдебиеті пәні мұғалімі


Білімі: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті 2006 жыл

Жетістіктері: 2012 жылы «Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы №1 санына «Оқушылардың мамандық таңдаудағы бағытын анықтау» сабақ әзірмелесі;

2012 жылы «Тәрбие сағаты» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы №6 (06) санына «Озық ойлы оқушы» зияткерлік сайысы;

2013 жылы «Тәрбие жұмысы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы №2 санына «Баланы неше жасында мектепке берген дұрыс?» атты мақала;

2013 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журналы №9 (56) санына «Тұйық етістіктің түрленуі» ашық сабақ әзірлемесі;

2013 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журналы №12(59) санына «Баянды болғай, Мүшел жас!» ашық тәрбие сағаты әзірлемесі;

2013 жылы «Тәрбие сағаты» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы №5(11) санына «Ұлы Жібек жолымен» саяхат сабақ;

2013 жылы «Тәрбие сағаты» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы №1(7) санына «Баянды болғай, Мүшел жас!» ашық тәрбие сағаты;

2015 жылы «Тәрбие сағаты» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналы №3(21) санына «Мәңгілік желбіре, Жеңіс туы!» сайыс сабақтары баспа бетіне жарық көрді.

2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журналы №4(70) санына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – құзырлы оқытудың маңызды факторы» рефлексивті есебім жарияланды. Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Ақтоғайлық Алаш қайраткері – Әлихан Бөкейханов» атты мақаласы ұсынылды. Ұлттық Бірыңғай Тест нәтижесі 2013-2014, 2015-2016 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша 100 пайызды құрады.

2010 жылы мектепішілік «Алғыс хатпен»;

2012 жылы Қызыларай селолық округі әкімінің «Алғыс хатымен»;

2012 жылы мектепішілік «Жыл мұғалімі-2012» бас жүлдесімен;

2013 жылы Қызыларай селолық округі әкімінің «Мадақтамасымен»;

2013 жылы Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен»;

2014 жылы Қарағанды облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен»;

2015 жылы мектепішілік «Жыл мұғалімі-2015» бас жүлдесімен;

2016 жылы Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты байқауға сіңірген еңбегі

үшін «Алғыс хатымен»;

2016 жылы ҚР ШҒА ОҚБ 46-шы ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде «Алғыс хатпен» марапатталдым.

Зерттеудің мақсаты:

  • Бүгінгі ұрпақтың өз елінің, туған жерінің тарихын білуі, өткенді құрметтеп, ұмытылып бара жатқан атаулардың шығу тарихын насихаттай отырып, ұрпақ сабақтастығының жаңа қырын қалыптастыру.


Міндеті:

  • Өз туған жеріміздің тарихын білу үшін ізденіс жұмыстарын жандандыру;

  • Ұмытылып бара жатқан атаулардың шығу тарихын, елді-мекен атауларының қойылу себебін, ел аузында жүрген топонимдік аңыз-әңгімелерді жинақтау;

  • Көпшілікке мағынасы беймәлім, сыры белгісіз, кей ретте түсініксіз атаулардың шығу төркіні, яғни этимологиясы басқа тілдермен салыстырыла отырып талдау;

  • Ұлы тұлғалардың, тарихи тұлғалардың өмірін мұрағаттар арқылы танып білу.


Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Ел аузында жүрген мекендік аңыздар анықтап, мекендік атаулардың этимологиясын зерттейтін болсақ, онда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:



  • Мекендік аныздардың шығу тарихы туралы білімдері толығады;

  • Ұлы тұлғалардың, тарихи тұлғалардың өмірін зерттеуде дүниетанымдары жетіледі;

  • Тарихи оқиғалар желісіне құрылған аңыз-әңгімелер арқылы туристік кластерді байыта түседі, туристерге мол, кең мағлұмат бере алады;

  • Ғаламтор желілері арқылы тарихи дәлелдемелерді насихаттайды, ауыл тарихын аудан тарихына енгізеді, дәлелдемелері мол кітап шығарады.


Зерттеу кезеңдері:

1.Ауылдарды аралап, үлкен кісілермен әңгімелесіп, ел аузында жүрген мекендік аңыздарды жинақтау, бейнетаспаға түсіру;

2. Мекендік атаулардың этимологиясы туралы ғалымдар пікірлерімен, зерттеулерімен танысу;

3.Жиналған материалдарды талдау, қорытындылау, жариялау.


Зерттеу әдістері:

  • Ізденіс

  • Әдеби теориялық талдау

  • Салыстырмалы талдау

  • Жүйелі қорытындыла


Зерттеу жаңалығы:

  • Топонимикалық атаулардың мағынасын түсіне отырып, экскурсоводтық сызба карта жасау;

  • Елді мекенге келетін туристердің санын арттыру.


І. Кіріспе

Нұрлы өлкенің төсінде,

Сән-салтанат жарасқан.

Алтын діңгек іргесін

Мың біліктер қаласқан,

Шөлі мен көдесін

Ғасырлар меңдеп жатса да,

Дәулет, табыс, ырыс, бақ,

Бір өзіне жарасқан.

(Н. Орманбетұлы)

Жылдар легін арқалап жылжып өткен ғасырлар бұл өлкеге не беріп, нелер қалдырғанын дәл қазір баяндап, болжап беру оңай емес. Өткен уақыт тізбегінен бүгінгі ұрпаққа жеткен көнекөз табиғаты, оның саялы құшағында сан жаңғырып, жасаған адамдар ұрпағы, әрісі ата-бабамыздың кіндік қаны тамып, маңдай тері сіңген, берісі шешелеріміз келін болып, әкелеріміз шаңырақ көтерген қасиетті туған жер. Туған жердің өз перзентінің жүрегіне нұр болып құйылып, өзіне жіпсіз байлайтын құдіретті сағыныш сазы ешқашан кемімек емес.

Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартып, олардың әрқайсысымен бірге өмір сүретін-туған жер. Ол-асыл мұра, баға жетпес қазына. Өйткені, жер тарихы-ел тарихы, адам тағдыры, ұрпақ шежіресі. Оның бәрін жіпке тізгендей етіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізу қиын болғанымен, қажет жұмыс. Уақыт ағысы шайса да тоздыра алмайтын тарихи шежірелер бар.

Ономастиканың бір бөлігі саналатын жер-су аттары (топонимдер) ғасырлар жәдігері, мәдени мұрамыздың бір бөлігі. Топонимдер шығу, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.

Тіліміздегі географиялық терминдер өзара бірнеше жікке бөлінеді. Елді мекендер атауларын ойканимия десе, оронимдер - тау, жота, қыр, қырат, төбе, бел, асу, шың, құз сияқты географиялық нысандардың атауы. Микротопонимияға сай, сала, төбе, төмпешік, шоқы, қорғандар мен құдық, орман, тоғай, жайлау, қыстау, бұлақ, жыра, жылға атаулары жатады.

Менің ғылыми жобамда осы географиялық терминдерге байланысты Қызыларай өңіріндегі көпшілікке беймәлім, сыры белгісіз, түсініксіз атаулардың шығу төркіні, яғни этимологиясы басқа тілдермен салыстырыла отырып түсіндіру және ел аузындағы топонимдік аңыздарды жинақтау. Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп орынды да нақты суреттеген.

Аңыз өмірде болған елеулі оқиғалар, ертеректе өмір сүрген көрнекті адамдар және белгілі бір жер-су, мекен жайлы баяндайды. Сондықтан ел арасында аңыздағы айтылатын оқиғалар мен іс-әрекеттер ақиқат нәрсе деп қабылданған. Аңыздың ерекшелігі – онда баяндалатын оқиға тек ұлттық сипатта болып, белгілі бір жерге ғана байланысты болып келеді. Аңызда тек жергілікті тарихтың ғана оқиғасы әңгімеленеді.


Топонимдік аңыздар – белгілі бір жер-судың, өзен-көлдің, тау-тастың аталу себебі, сол жерлердегі оқиғалардың сол атауларға байланысын баяндайтын әңгіме. Ол міндетті түрде бір оқиғамен байланысты болады, яғни тарихи шындыққа негізделеді.

Теңіз деңгейінен 1565 метр биіктікте орналасқан Ақсораңдай заңғар шыңы бар Қызыларайдың табиғаты өте әсем, ертеден ән мен жырға өзек болған, ақынның қиялын өрлеткен қарағай, қайың, тал аралас өскен. Сирек кездесетін ырғай, самырсын, шетен, емдік күшала сияқты дәрі-дәрмектік шөптің қоры көптеп кездеседі. Жер шалғайлығы, тауының қиындығынан толық зерттелмеген жер. Аң мен құстың көптеген түрлері, қаршыға, лашын, сұңқарлар көптеп кездеседі. Ақсораң аймағында болғандар таңдай қағып, саф таза ауасына тойып қайтқандай әсер алады. Жергілікті ақын Аққан Смағұловтың:



Айнала қасқа бұлақ қадам сайын,

Ауруға ем, суға қуат, суы балдай,- деп сүйсіне жырлағандай.

Сарыарқаның тұрғындары аласа таулы, ұсақ шоқылы, жер бетінен биік тұрған тауларды «Ұлы», «сораң», «қарқара» десе, орташа және биік таулардың шыңдарын «шоқы», «тас» сияқты терминдермен атаған. Ежелгі заманнан-ақ таулы жердің көшпенділер үшін маңызы айрықша болған.






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет