Махмет Бекзат «Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»



бет3/4
Дата01.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#22492
1   2   3   4
Қызыларай

Ақтоғай ауданының солтүстігінде, Сарыарқаның Ертіс-Балқаш суайрығындағы тау. Ұзындығы 45 км, ені 30 км. Биік жері Ақсораң 1565 метр – Сарыарқа тауларындағы ең биік шың. Қызыларай аталуы түрік тілінде қызыл (түс) және арай (сәуле) сөздерінің бірігуінен қалыптасқан атау. Таудың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылық әрекеттерге көп ұшырай қоймауы, мұнда алдағы болашақта қорық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның табиғаты көркем жерлерінің бірі.




Ақсораң (шың)

Қызыларай тауының ең биік шыңы. Ақ (сын есім) және сораң (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған. Атау мағынасын зерттеушілер әртүрлі түсіндіреді: «ағарып тұрған жота, биік» компоненттерінен құралған атау. Сораң – бірінші мағынасы алабота (шөп), екінші мағынасы шың, құз. Жергілікті тұрғындардың мәліметі бойынша сораң «ақ түсті жусаны бар, сораң тартып көрінген тау».


Ақжарық (елді мекен)

Ақ (сын есім) + жарық (зат есім) сөздерінен жасалған атау. Жарық сөзі географиялық ретінде жер бедерінің сипатын білдереді, яғни «жердің сызаттанып қаққа жарылуын – «жарық» дейді. Топонимнің мағынасы ағын су орып, содан пайда болған жарық, жарылған жер немесе қақ айырылып жатқан ақтандақтанған жарық, ақ бұл жерде «дымқылды соры бар, ақтандақ» деген мағынаға ие.
Қарасиыр (қыстақ атауы)

Бұл атаудың екінші сыңарындағы сиыр сөзінің кәдімгі сиырға қатысы жоқ. Түркі, монғол тілдерінде сай, сайр тұлғаларында айтылып, «құрғаған өзен, сайдағы өзен» мағыналарын береді. Сайр сөзі айтыла келе тіліміздің дыбыстық заңына сай сиыр тұлғасына айналып, тілімізге берік қалыптасқан. Сонда Қарасиыр атауы: «құрғаған өзен, сайдағы үлкен өзен» мағынасында қойылған.
Алтуайт (тау,қыстақ атауы)

Көне түркі тіліндегі ал-ту-ай элементтерінен құралған «алтай айлары» этнотопонимі мәніндегі атау деп қарайды. Бірақ бұл екіұшты пікір. Жергілікті халық аңызы бойынша Қызыларай жеріндегі биік құз, терең аңғарлы осы таудың озық бір сайында Алтуайт деген батырды жаулар өлтіріп, тау сол батырдың атымен аталған екен.
Бестамақ (қайқаң атауы)

Орталықтан 5-6 шақырымдай жерде) – осы атаудың құрамындағы тамақ сөзі арқылы жасалған географиялық атаулар басқа түркі тілдерде де кездеседі. Түркі тілдерінде тамақ сөзінің топонимдік термин ретінде мағынасы – «өзен сағасы, сай аңғары, кішігірім сайлар». Бестамақ топонимінің «кішігірім бес сай, бес аңғар» деген мағынаны білдіретінін көреміз.
Үрпек (қыстақ атауы)

Атаудың бірінші сыңары үр сөзі түркі тілдерінде ор тұлғасында айтылса, пек сыңары – тіліміздегі биік сөзінің өзгерген тұлғасы. Демек, Үрпек атауының мағынасы «биік төбе, дөң» дегенге саяды.




Тарасу (асу)

Сан ақын, жыраулар әнге қосқан Арқа атты қазақ жерінің Қызыларай атты әдемі де қасиетті мекенінің бір керемет жері Тарасу деп аталады. Мұның қарсы атауы Кеңасу деген де жер бар.

Босаға (тау)

Босаға сөзінің тура мағынасы «есіктің таянышы, жақтауы, тірегі» немесе «табалдырық». Топоним ретінде мағынасы: - «биік тау не жоталардың қысаң жері, босағаға ұқсаған төменгі жері». Қызыларайда Үлкен босаға және Кіші босаға деген тау бар.

  • Жазыбек (қыстақ атауы) – елді мекен, өткен ғасырда жасаған, қара қылды қақ жарған әділ билігімен, бұқара халықтың мұң-мұқтажын елеп-ескерумен аты мәлім болған – Жазыбек Жәуенұлы. Руы – Тарақты, Орта жүз. Сол кісінің есімімен өмір сүрген және бейіті тұрған жер аталады.

  • Қарағаш – елді мекен. Қара (сын есім)+ағаш (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «аталған жерлерде қуаңшылыққа төзімді, жер талғамай өсе беретін қарағаштың көптігіне байланысты қойылған».

  • Қойтас (елді мекен) – Қой және тас (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. «Кеспелтек үлкен келген жұмыр тастары көп тау».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет