Ең терең зерттеген ғалымдар: В.Бартольд, С.Малов. С.Малов: «Мұның өзі аса құнды философиялық шығарма»,- деп, баға берген.
Аударма жасаған ғалымдар
К.Рифат, В.Тефтик бей, А.Ефенди сынды түрік ғалымдары «Диуани лұғат ит-түрк» шығармасын түрік тіліне аударған. «Түрік Діл Қуруму» деген ұйымның кітапханасында К.Рифаттың аударған 5 дәптері, В.Тефтиктің 504 беттік қолжазба, А.Ефендидің 79 дәптер (943 бет) сақтаулы. Б.Аталай 3 томдық аудармасын, сөздердің 1 томдық индексін жасап шығарды. 1928 жылы К.Броккельман неміс тіліне аударған. 1950-1961 жылдары С.М.Муталибов өзбек тіліне аударған. 1997-1998 жылдары А.Егеубаев аударып, бастыруымен қазақ тілінде 3 томдық кітабы жарық көрді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, Хант, 1997. – 590.
2. Нүсіпова О.Н. Көне түркі жазба мұралар тарихы. Алматы, 2004. – 178.
3. Қазақ және ұйғыр тіл білімінің мәселелері. Алматы, 1963. -222.
4. Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері. Алматы, Жібек жолы, 2007. -391.
5. Дербісалин Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995. -237.
6. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі, 1991. -280.