Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі



бет3/5
Дата18.12.2023
өлшемі292,68 Kb.
#197528
1   2   3   4   5
Байланысты:
Органикалық заттар липидтер, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

Липидтердің қызметтері


Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

  1. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.

  2. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

  3. Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

  4. Жануарлар организмі үшін су көзі

  5. Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.

Липидтердің түрлері
Гидролиздену қабілетіне байланысты липидтер сабындалатын (немесе гидролизденетін) және сабындалмайтын (немесе гидролизденбейтін) болып екіге бөлінеді.
Сабындалатын липидтер 2,3 және одан да көп компонеттерден тұрады. Олар жеңіл гидролизденеді.
Сабындалмайтын липидтер бір ғана компонеттен тұрады, олар гидролизге ұшырамайды.

  1. Жай липидтер (бейтарап май және воск)

  2. Күрделі липидтер (фосфолипидтер, гликолипидтер, липопротеидтер)

  3. Стероидтар

Липидтердің физикалы химиялық қасиеттері олардың құрамында болатын майлы қышқылдарға байланысты. Майлы қышқылдар организмде бос күйінде кездеседі. Олар барлық липидтер класының құрылыстық буыны болып табылады. Табиғи майлы қышқылдар қаныққан, қанықпаған болып екіге бөлінеді. Қаныққан майлы қышқылдардың балқу температурасы қанықпаған майлы қышқылдарға қарағанда жоғары болады. Мысалы: t0С стеарин қышқылы 690С, t0 линоль қышқылы 130 қаныққан майлы қышқылдан тұратын майлар қалыпты температурада қатты, ал қанықпаған қышқылдардан тұратын майлар сұйық майлар деп атайды. Гидрогенделу (сутектендіру) реакциясы арқылы сұйық майды қатты майға айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет