Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі



бет5/5
Дата18.12.2023
өлшемі292,68 Kb.
#197528
1   2   3   4   5
Байланысты:
Органикалық заттар липидтер, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

Майдың қорғаныштық қызметі


Май жылуды нашар өткізеді. Сондықтан жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

Май — су көзі


1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды “метаболит су” деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет