«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Үнемділік оғаштығы (парадоксы). AD-AS үлгісінің кейнс кресімен байланысы



бет20/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Үнемділік оғаштығы (парадоксы). AD-AS үлгісінің кейнс кресімен байланысы

Үнемділік оғаштығы- қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе-теңдік ЖҰӨ-ң төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады. Экономика А нүктесінен басталады. Құлдырауды болжауда үй шаруашылықтары көбірек қор жинауға ұмтылады: қор жинау графигі S- тан S'-қа ауысады, ал инвестициялар сол деңгейде І қалады. Нәтижесінде тұтыну шығындары салыстырмалы төмендейді, бұл мультипликатор әсерін және жиынтық табыс Y0-дан Y1 -ге дейін құлдырауын тудырады. Өйткені жиынтық табыс Ү төмендейді, онда қор жинау В нүктесінде А нүктесіндегідей болып қалады.



6.1сурет.

Егер қор жинағының S- тан S'-қа дейін өсуімен бір уақытта инвестициялар І-дан І'-ға дейін өссе, онда өнімнің тепе-теңдік деңгейі Y0-ге тең болып қала береді және өндірістің құлдырауы пайда болмайды, бұл экономикалық өсуге қолайлы жағдай тудырады, бірақ халықтың ағымдағы тұтынуын салыстырмалы шектеуі мүмкін. Баламалы таңдау пайда болады: не ағымдағы тұтынуды салыстырмалы шектеу жағдайындағы болашақтағы экономикалық өсу, не тұтынудағы шектеулерден бас тартып, ұзақ мерзімді экономикалық өсу жағдайларын жақсарту. Қор жинағының өсуі ресурстардың толық жұмсалуына жақын жағдайларда экономикаға антиинфляциялық әсерін тигізуі мүмкін: тұтынудың құлдырауы және алда болатын жиынтық шығындардың, жұмысбастылықтың және өнім көлемінің қысқаруы сұраныс инфляциясының қысымын шектейді-жиынтық сұраныс AD-дан AD1 –ге дейін төмендейді, бұл өндірістің құлдырауымен, Y1 -ден Y2-ге дейін және баға деңгейінің Р1 –ден Р2 –ге дейін төмендеуімен қатар жүреді.

6.2 сурет.

Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі AD-AS үлгісін макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланылады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланылады.

Бюждет – салық саясатының шаралары мемлекеттік шығындар мультипликаторы, салық және балансты бюджет мультипликаторы арқылы жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік шығындар ∆G – ға өссе онда Кейнс крестіндегі жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжып, өндірістің тепе – теңдік көлемі У1 – н У2 – дейін, яғни ∆У=∆G∙mg шамасына өседі, мұндағы mg – мемлекеттік шығындар мультипликаторы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет