Трансферттер – ағымдағы қаражаттық қолдау көрсету үшін, ал субвенция – күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін.
Бюджетаралық қатынасты жетілдіру экономикалық өсуге, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюнктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
R
100
R1
Салық ставкасы
0 Y1 Y
Бюджеттік түсімдер
1 - сурет
Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі. «Лаффердің қисық сызығы» деп аталады (1-сурет). Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді (V). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсендейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |