Дискрециялық фискальды саясат тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, мемлекеттік трансферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады. Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгерісіне әкеледі. осылай жиынтық сұранысқа ықпал жасай отырып, фискальды саясат біркелкі таза ұлттық өнім көлеміне әсер етеді. Автоматты стабилизаторлар (өздігінен тұрақ-тандырғыштар) – құлдырау кезінде сұраныстар жиынтығын ынталандыруға бағытталған, ешқандай саяси шешімсіз болатын қаржы-бюджет саясатындағы өзгерістер.
Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі.
Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффертің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің эко-номикалық өсуі мен табыстың көбеюіне дәлелдеді. (Лаффердің қисық сызығы деп аталады). Лаффердің ойынша корпорациялар табысына шектеп қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
Адам басына шыққандағы нақты табыс деңгейі;
Қоғамдағы табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесі;
Ұлттық шаруашылықтың өндіріс құрылымы мен экономикалық іс-әрекетінің маңызы (мысалы: сыртқы сауданың маңыздылығы, өндіріс салаларының үлесі, т.с.с.)
Әлеуметтік, саяси және институтционалды жағдай мен әртүрлі топтардың салыстырмалы мүддесінің тигізетін әсері (аймақтық, салааралық, кәсіпорын, кәсіпкерлер ұйымы т.с.с.);
Салық жинау саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің басқарудағы компотенттігі мен адалдығы және әділеттілігі.