Ақша -несиелік реттеудің тиімділігі
Мемлекеттік шығыңдардың өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде едәуір төмендетеді.
Егер мемлекеттік шығындар өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан түтыну шығындары өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әсері де байқалады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада көптеген келісім-шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесіиің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен де болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді.
Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлскеттік органдардың өсуі және салықың төмендеуі салдарынан Ү-тің өсуі (ҮоҮ:) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Ү-тің өсуі (Ү,Ү) мәніне тең.
Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінеіз, кысқа мсрзім кезеңіндегі экономиканың өсуім қамтамасыз етеді, бірақ таза экспорттың өзгеріеіне қарама-қайшы әсерін тигізеді.
Ақша жиыныңың өсуі М пайыз мөлшерлемесінің (К) төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар және табыс (Ү) өседі, демек тұтыну да (С) өседі. Таза экспорт өзгерісі (Хп) бір-біріне қарама-қарсы екі фактордың әсерінде болады.
Таза экспортың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі. Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі. Хп мәні шамасыиың өзгеруі (Ү) және (К) өзгерістеріне және (п) коэффициенті мен импорттаудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.
Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шартарға тәуелді:
а) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі. (п және сі) коэффициенттері.
э) нарықтық пайыз мөлшерлемесімін динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі
Достарыңызбен бөлісу: |