«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет37/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Салық – бюджет экспансиясы

Мемлекеттік шығындардың өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетеді.



9.4-сурет.

Егер мемлекеттік шығындар G өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан тұтыну шығындары С өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс (Y) және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әсері де байқалады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада көптеген келісім шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты (Хn) төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен де болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді.(20- сурет).

Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлекеттік шығындардың төмендеуі салдарынан Y- тің өсуі (Y0 Y2) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Y- тің өсуі (Y0 Y) мәніне тең.



Ақша- несие экспансиясы

Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінің қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, біраз таза экспорттың өзгерісіне қарама- қайшы әсерін тигізеді.

Ақша жиынының өсуі Ms пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар және табыс өседі, демек тұтыну да өседі. Таза экспорт өзгерісі бір – біріне қарама- қарсы екі фактордың әсерінде болады:


  • Таза экспорттың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

  • Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

  • Хn мәні шамасының өзгеруі және өзгерістеріне және коэффициенті мен импорттарудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.

Ақша- несие және салық- бюджет саясаттардың салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:

А) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі.(n және d) коэффициенттері.

ә) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.

Ынталандырылған қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру әсері арқылы анықталады.

Басқа факторлар тұрақты болған кезде, егер ығыстыру әсер өнімінің өсу әсерінен кіші болса, онда қазыналық саясат тиімді деп аталады.

9.5 сурет.

Ығыстыру әсері екі жағдайда салыстырмалы түрде елеусіз болады:


  1. Егер ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өсуіне таза экспорт пен инвестиция аз сезімталдық көрсетсе, онда сезімтал коэффициенттері салыстырмалы қарағанда аз мәнді болады.

Бұл жағдайда (R) – дің болымсыз өсуі, Хn мен (I) ның әлсіз ығыстыруына алып келеді, сондықтан (Y) – тің жалпы өсімшесі елеулі болады.

  1. Егер пайыз мөлшерінің көтерілуін және (R) – дің болымсыз өсуінен ақшаға сұраныстың сезімталдығы жоғары болса, онда ол ақша нарығында тепе- теңдік болады. (R) мәнінің өсуі болымсыз болғандықтан, ығыстыру әсері де салыстырмалы түрде қарағанда аз болады.

9.6- сурет графигіне бейнеленген LM қисығы жатық болады. Бұл жағдайда қисығы көлбеуінің маңызы аз.

9.6-сурет.

Салыстырмалы тік IS қыйсығы және жатық LM қыйсықтарының тіркемесінде ынталандырылған қазыналық саясат тиімді.

Егер төмендегі жоғдайлар орындалса, онда ығыстыру әсері айтарлықтай маңызды болады:



  1. егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасы немесе d және n коэфиценттерінің мәні өте жоғары болса, онда инвестиция және таза экспорт жоғары сезімталды болады:

9.7-сурет.

Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің (R) болымсыз өсуі Хn мен I – дің көп мөлшерде төмендеуіне алып келеді, сондықтан (Y)- дің жалпы өсімшесі аз болады. Бұл 9.8 сурет графигінде бейнеленген.

9.8-сурет



  1. Пайыз мөлшерлемесі R динамикасына қарағанда, ақшаға сұраныс аз сезімталдық көрсетеді. Ақша нарығы тепе- теңдікте болу үшін, R едәуір өсуі қажет. Бұл жағдай өте үлкен ығыстыру әсеріне алып келеді (ығыстыру әсері n мен d коэффициенттері аз шамасында болады).

Ынталандырылған монетарлы саясаттың салыстырмалы тиімділігі төмендегіше анықталады:

  • ақша жиынының өсуі нәтижесінде ынталандырушы әсердің мәні арқылы және таза экспорт пен инвестицияның динамикасының өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін көрсетеді. Мұндай ынталандырушы әсер ығыстыру әсеріне қарама- қарсы.

Егер R динамакасына ақшаға деген сұраныс аз сезімталды болса, онда жағдай 9.8 суреттегі графикте көрсетілген.

Бұл жерде ақша жиынының өсуі, пайыз мөлшерлемесінің өте көп төмендеуі арқылы болады, сондықтан d мен n коэффициенттерінің болымсыз мәнінде I және Хn – ді күрт өсіреді. IS қисығының көлбеуінің маңызы бұл жағдайда екінші орында болады.

Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық IS қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша- несие саясаты өте тиімді болады.

Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі де елеулі және d және n коэффициенттері де маңызды болады. Сондықтан Y өсімшесі (Y0 Y1) – ге тең және салыстырмалы түрде қарағанда үлкен.

Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс жоғары сезімталдық білдірсе, сонымен қатар пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестицияның сезімталдығы төмен болса, ынталандырушы ақша- несие саясаты салыстырмалы түрде тиімсіз болады.

9.9-сурет.


9.10-сурет. 9.11 сурет.

Жатық LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана төмендеуінде ақша нарығы тепе- теңдікте болады. R динамикасына егер I және Хn өте сезімтал болады да, пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сонымен жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама (26- суретті қара).

Тікше орналасқан IS қисығы нені көрсетеді? Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуінде, таза экспорт пен инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені d және n коэффициенттері аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің өсімшесі өте көп өспейді.(9.12 суретті қара)

Жиынтық сұраныс теңдеуін төмендегіше өрнектеуге болады.

Y=α-βG-φTa+ θМ/Рθ α,β,φ, θ-коэфиценттер

Баға деңгейінің Р1 – ден Р2- ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжуымен бейнеленген.

9.12 сурет.


Сұрақтар:

    1. АD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс.

    2. Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі

3.«Кейнс кресі» арқылы IS қисығын сызу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет