ЖҰӨ дегеніміз-бұл бір жылда өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулердің ақшалай жиынтық сомасы.
ЖІӨ-бұл белгілі бір уақыт аралығында ел территориясында резиденттермен өндірілген соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулерінің ақшалай құны . ЖҰӨ -ді есептегенде тек соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулерінің,яғни тұтынуға бағытталған дайын өнімнің құны есептеледі.
ЖҰӨ-ді негізгі 3 әдіспен өлшейміз:
1.Қосылған құн бойынша(өндірістік немесе статистикалық әдіс)
2.Табыстар ағыны арқылы(бөлу әдісі)
3.Шығындар арқылы(соңғы тұтыну әдісі)
сызба1. ЖҰӨ - ді шығындар және табыстар арқылы есептеу:
Шығындар арқылы
|
Табыстар арқылы
|
1. Тұтыну шығындары (С)
2. Мемлекеттік шығындар (G)
3. Инвестиция шығындары (I)
4. Таза экспорт (Хn )
(экспорт -импорт)
|
1.Жалақы
2.Рента
3.Пайыз
4.Пайда
5.Амортизациялық төлемақылар
6.Бизнеске жанама салық
|
ЖҰӨ=С+G+I+ Хn
|
ЖҰӨ
|
Амортизациялық төлемақылар-бұл капиталды пайдаланғаны үшін төлемдер.ЖҰӨ-ді есептеуде трансфертік төлемақылар кірмейді.Трансфертті төлемақылар тауар қозғалысына әсер етпейді және ол қайтарылмайтын төлемақылар(мысалы, зейнетақы,грант,жәрдемақы,стипендия т.б.).
Сонымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
1.Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);
2.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ);
3.Таза ұлттық өнім (ТҰӨ);
4.Ұлттық табыс (ҰТ);
5.Жеке табыс (ЖТ);
6.Жеке қолдағы табыс (ЖҚТ)
ЖІӨ= ЖҰӨ-сыртқы экономикалық операциялар сальдосы(шетелдегі таза факторлық табыстар)
ТҰӨ =ЖҰӨ -амортизация
ҰТ =ТҰӨ -Бизнеске жанама салықтар
ЖТ= ҰТ - әлеуметтік сақтандыру төлемдері - корпорация пайдасына
салық – корпорацияның бөлінбеген пайдасы + трансферттік төлемдер (дивидендтер).
ЖҚТ= ЖТ - жеке табыс салығы;
ЖҚТ= жеке тұтыну + жинақтау
Уd=C+S
Жинақтау= ЖҚТ - жеке тұтыну шығыны
S= Уd - C
Сұрақтар:
1.Атаулы және нақты ЖҰӨ, баға индекстері.
2.Ұлттық есептеу жүйесі.
3.Жалпы ішкі өнім мен бір-бірімен байланысты көрсеткіштердің жүйесі.
4.ЖҰӨ дефляторы
Достарыңызбен бөлісу: |