Тақырып 7. Ақша нарығы.
1.Ақшаның макроэкономикалық мəні, қызметтері, агрегаттары.
2.Ақшаға деген сұраныс жəне оның теориялары.
3.Ақша ұсынысы жəне ақша мультипликаторы.
4.Ақша нарығындағы тепе-теңдік
1) Ақша – бұл экономикалық құндылығы бар жалпыға бірдей эквивалент Ақша – бұл келісім шарттарда қолданылуы мүмкін қаржы активтерінің бір түрі.Ақшаның қызметтері:
1)айырбас құралы
2)құн өлшемі
3)қор жинау құралы
Ақша дегеніміз- тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша- тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі- барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс « жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесінде екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі. Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға да болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Тауарлар дүниесінің тауар ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші ағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады. Ақша айналысының заңы- құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар- ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формаларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Марк ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі: М=P·Y/V; Ақша айналысы заңының мәні- ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек. Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгертеді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгертеді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
-несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
-қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
-ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті- шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкротқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.Елдегі ақшаның санын мемлекет орталық банк арқылы бақылайды. Мемлекеттегі ақша массасын өлшеу үшін ақша агрегаттары пайдаланады. Өтімділігі бойынша ақша агерегаттары М1,М2,М3,L деген түрлеріне бөлеміз. М1-бұл банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар, талап етуге дейінгі депозиттер, жол чектері басқа да чектік депозиттер. М2-бұл М1+чектік емес жинақ депозиттер, 100 000$ дейінгі жедел салымдар, қайта сатып алу туралы 1 күндік келісімдер М3-бұл М2+100 000$ -дан асатын жедел салмдар қайта сатып алу туралы жедел келісімдер депозиттік сертификаттар. L-М3+қазынашылық жинақ облигациялар қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелер комерциялық бағалы қағаздар және т.б. Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымы төмендегі ақша агрегаттары кіреді: М1-айналыстағы қолма-қол ақша; М2-құрамына М1 агерегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді. Ақша агерегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді. Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
-банкроттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
-Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
-мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие беруімен;
-Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
-Чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз берумен.
Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс- ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.
2)Ақшаға сұранысының классикалық және кейнстік теориялары.
Ақша- төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:
Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайда төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына» ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз. Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.Сөйтіп төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:
Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
Сақтық аргументі; ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
Жалдаптық дәлел: жеке адамдар олындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, бұл негізінде М1 жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
Классиктер ақша сұанысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:
MV = PY
M – айналымдағы ақша көлемі;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өнім шығару көлемі.
Сандық теория тұрғысынан ақша сұранысы екі мотивке негізделді. 1- мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
тауар жиынының көлемі;
баға;
жиынтық табыс;
ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады. Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан
Бұл жерде Мtd-ақшаға трансакциялық сұраныс;
Y-жиынтық табыс
Сұраныстың екі мотиві сақтық мотиві бойынша сұрныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:
Мtd-сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.
Бұл екі сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві- жалдаптық мотиві болып көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады. Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суреттейді:
7 сурет.- Ақша сұранысы а-трансакция, ә-жалдаптық, б-жалпы
Классикалық және кейнсік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:
табыс көлемі Y;
пайыз мөлшерлемесі i.
Md =f (Y/+, і)
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады
Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдаланады (M/Р )d,ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі пайдаланылады.
(M/Р )d =f(Y i)
+ -
Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигізеді. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, онда ақша сұранысы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |