Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
Ұлттық банк- заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма- қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма- қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма- қол түрінде де немесе қолма- қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.
Қолма- қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы,сақтау мекемелеріндегі депозит немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе комерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі – дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады.
Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады.
Орталық банк және ақша базасы
Ақша базасы- Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма- қол, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламасы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражаттардың көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша – несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша ұсынысының азаюы пайыз мөлшерлемесінің мәнін көтереді, сондықтан инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт Хn кемиді. Өнім көлемі Y1 – ден Y2 ге азаяды.
8.1 сурет.
Мемлекеттік шығындарыдың өсуі салық мөлшерін азайтады немесе ақша жиынының өсуі жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады. AD қисығының бір тектес қозғалысы IS- LM қисықтарын мүлдем әр түрлі, ерекше қозғалыстарға келтіреді. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша- несие және салық- бюджет саясатының шеңберінде болады.
Баға деңгейінің өзгеуіне байланысты ынталандырушы салық – бюджет саясаты
Экономикалық бастау сәті (С) нүктесінде (8.2 сурет). Мемлекеттік шығындар (G) өссе немесе салық мөлшері (Т) төмендесе, онда IS қисығы оңға қарай, IS' қисығына қозғалады, сондықтан жиынтық сұраныс AD1 жағдайында болады. AD қисығының оңға қарай қозғалысы сұраныс инфляциясын тудырады, ал баға деңгейі Р0 – ден Р1 – ге өседі.
Бағаның өсінің әсерінен, нақты ақша ұсынысының салыстырмалы түрде қысқаруы салдарынан LM жағдайында солға қарай қозғалады А нүктесінде қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады.
8.2 сурет.
Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агенттер өздерінің іс- әрекеттерін реттейді: атаулы жалақы мөлшерлемесі өседі. Бұл жағдай бір өнімге кететін орташа шығын мөлшерін өсіреді және фирманың пайдасын азайтады. Бірте- бірте өнім көлемі азайып, AS қисығы солға қарай қозғалады. AS қисығының азаюы бағаның өсуіне алып келеді. (Р1 - ден Р2) немесе шығындар инфляциясы болады. Бағаның мұндай өсуі LM жағдайына қозғайды. Сонымен ақша ұсынысы салыстырмалы түрде азайғандықтан, пайыз мөлшерлемесі үнемі өседі. (R0- ден R2- ге дейін ). В нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады. Бұл тепе- теңдік С нүктесімен салыстырғанда жаңа жоғары баға деңгейінде және пайыз мөлшерлемесінде болады. Бұл жағдай экономика құрылымын мемлекеттік сектор жағын өзгереді. Өнім көлемі әлуетті өнім көлеміне тең.
Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша- несие саясаты
Экономиканың жұмысты бастау сәті В нүктесінде. Ақша жиынының өсуі LM жағдайында өзгереді, бұл жиынтық сұраныстың AD- ден AD' - ге өсуінен көрінеді. AD қисығының қозғалысы сұраныс инфляциясына алып келеді, ал баға Р0-ден Р1 – ге өседі. Мұндай құбылыс нақты ақша ұсынысын азайтып, азайтады және LM қисығы солға қарай LM жағдайына қозғалады. А нүктесінде қысқа мерзімдегі макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады.
Шығындар инфляциясы жиынтық ұсыныстың құлдырауына әкеледі. AS қисығы солға қарай AS, деңгейіне қозғалады. Баға деңгейінің Р1 - ден Р2 ге өсуі LM жағдайына әкеледі, өйткені нақты ақша ұсынысы тұрақты түрде төмендеп отырады. В' нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе- теңдік қалыптасады. Бұл тепе- теңдікте әлуетті өнім көлемі өндіріледі, пайыз мөлшерлемесі, алғашқы R0 деңгейінде, ал баға Р0- ден Р1 ге өскендегі деңгейінде.Ұзақ мерзімде ақша жиынының өсуі, нақты айнымалы шамалардың тұрақты болған кезінде, тек қана бағаны өсіретіндігі анық.Бұл құбылыс экономикада ақшаның бейтараптылығы деп аталып кетті.
8.3 сурет.
Қысқа мерзімді кезеңде ақша ұсынысының күрт, бір рет өсуі нақты және атаулы пайыз мөлшерлемесін азайтады. Ұзақ мерзім кезеңінде екі пайыз мөлшерлемесі де тұрақты болады.
Егер ұзақ мерзімді кезеңде ақша жиыны өсетін болса, онда атаулы пайыз мөлшерлемесі өседі, ол күтілген инфляция деңгейінің өсуі себебінен болады. Ақша- несие саясаттары әрекеттерінің нәтижесінде болатын қысқа мерзімді атаулы пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі жоғарыдағы аталған мәселелерді жоққа шығара алмайды.
Фишер теңдеуі бойынша, ақша жиынының күтілген өсу қарқыны, нақты пайыз мөлшерлемесіне елеулі әсерін тигізбейді.
Қазыналық және монетарлық экспансия өнім көлемі және жұмысбастылықтың өсуіне уақытша ғана әсер ете алады, бірақ экономикалық әлуеттің өсуіне себепші бола алмайды. Ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың өсуін қамтасыз ету мақсаты жиынтық сұранысты реттеу саясаты арқылы шешілмейді. Экономиканың өсуін ынталандыру жиынтық ұсыныс саясатымен түсіндіріледі.
Сұрақтар:
Ақша және оның қызметтері
Ақшаның саңдық теориялары.
Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнсиандық теориялары
Ақша мультипликаторлары
Ақша-несие саясаттарының мәні, құрылымы
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Достарыңызбен бөлісу: |