Тақырып 10. Экономикалық өсу жəне оның үлгілері
1.Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тəн белгілер.
2.Экономикалық өсудің үлгілері.
3.Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары
. 1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
Экономикалық өсу – ол ел экономикасының прогрессивті дамуын айтамыз.Ол халықтың өмір сүру деңгейінің өсуінің қайнар көзі болып табылады.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3.Негізгі капитал қорының көлемі
4.Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өңдірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,олар:
1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы
Өңдіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады. Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы көрсеткіштер қолданылады.
Экономикалық өсудің екі түрі бар:
Экстенсивті
Интенсивті
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті өсу болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |