«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Тақырып 9. Ақша және тауар нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік



бет35/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Тақырып 9. Ақша және тауар нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.

1. Біріктірілген тепе-теңдіктің мəні.

2. IS қисығын құру.

3. LM қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік.

4. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.

5. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаты.


1) АД – АS және Кейнс кресті модельдерінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі сыртқы (эгзогенді) айнымалы болып табылады және ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесі тауар нарығының тепе – теңдігінен тыс қатысты түрде дербес орнатылады.

IS – LM моделдерінің көмегімен экономиканы талдаудың негізгі мақсаты – ол тауар және ақша нарығын бір тұтас жүйеге біріктіру болып табылады.Нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогенді) айнымалыға айналады және тепе – теңдік шамасы экономикалық процестердің динамикасын көрсетеді.

Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын тура нықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. AD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған, өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді. Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған. А.Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті. IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы, ұнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Y пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R- дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді. Сондықтан да, IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну-нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегіндей:

AD=C(Y)+I(R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.

AS=C(Y)+S(Y)

Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.

I(R) =S(Y)

Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.

I(R) =S(R)

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айврмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:


  1. Y=C+I+G+Xn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  2. C=a+b (Y-T) – тұтыну функциясы.

  3. I = e-d∙R – инвестиция функциясы.

  4. Xn=g-m'∙ Y-n∙R – таза экспорт функциясы.

  5. M/P=k*Y-h∙R – ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Y(табыс), С(тұтыну), I(инвестиция), Xn(таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме).

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G(мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

Эмпирикалық коэффициенттер:

(a,b,e,d,g ,m' ,n,k,h ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстарының толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y= Y*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Y өзгермелі. Р=const тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.

Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.

(Y= Y*). Баға деңгейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы), атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар – нақты шама болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет